» » Қазақстанда түрмедегілер саны 100 мыңнан 29 мыңға азайды

Қазақстанда түрмедегілер саны 100 мыңнан 29 мыңға азайды

Жыл басынан бері бас бостандығынан айыру орындарында әртүрлі бұзушылықтары үшін 1 500 қызметкер жазаға тартылған.

ÒазаÒÑÑанда ÑÒ¯ÑмедегÑÐ»ÐµÑ ÑÐ°Ð½Ñ 100 мÑңнан 29 мÑÒ£Òа азайдÑ



ҚР әділет министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Дархан Қанатбеков Алматы облысындағы ЛА-155/8 мекемесінде сотталғандарды азаптау жағдайына қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

«Шынында да, жеке кемшіліктер баршылық. Алайда бүгінгі таңда Қазақстанда түрмедегі адамдардың саны 100 мыңнан 29 мыңға азайғанын атап өткім келеді. Яғни, бас бостандығынан айыру орындарында тек қылмысы ауыр адамдар ғана қалды. Көптеген азаматтар сот үкімімен келіспеуі мүмкін. Сол үшін аштық жариялап та жатады. Мұндай оқиғалардың әрбірі бойынша тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Кінәлілердің бәрі жазасын алып жатыр. Бізде 82 мекеме (бас бостандығынан айыру орындары) бар. Бәрін бақылау кейде мүмкін болмай жатады», – деді Дархан Қанатбеков ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында. Әділет полковнигінің айтуына қарағанда, жыл басынан бері бас бостандығынан айыру орындарында әртүрлі бұзушылықтары үшін 1 500 қызметкер жазаға тартылған. Атап айтқанда, түрме қызметкерлеріне сөгіс, қатаң ескерту жарияланып, жауапты қызметіне толыққанды сай емес қатардағылар да жазасыз қалмаған.

«Аталмыш факт бойынша (Алматы облысындағы колониядағы азаптау жағдайы) 7 адам қызметінен кетті. Үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бақылау комиссиялары өкілдері түрмелерді аралап келгеннен кейін де бізге шағымдар келіп түсіп жатыр. Барлық ұсыныстар мен ескертулер бойынша қатаң шара қабылдап келеміз», – деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде формадағы адамдардың тұтқынға жәбір көрсетуі туралы видео тараған еді. Алматы облысында болған оқиғаның бейнежазбасы қоғам наразылығын тудырды.

Ақыры, Алматы облысындағы ЛА-155/8 мекемесінде сотталғандарды азаптаған қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Колония басшылығы жұмыстан кетті. 

ERNUR.KZ
07 тамыз 2019 ж. 70 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031