» » Мұғалімдер зейнеткерлікке 55-58 жасында шыға ма?

Мұғалімдер зейнеткерлікке 55-58 жасында шыға ма?

мұÒалÑм

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстан мұғалімдерінің зейнетке 55-58 жас аралығында шығуы туралы мәселе талқылануда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бізде зейнетке шығу жасын белгілейтін заң бар. Егер біз мұғалімдерге иұндай мүмкіндік берсек, онда басқа саланың - денсаулық сақтау, мәдениет өкілдерін ескеру керек болады. Сол себептен бұл мәселе тек талқылауда тұр. Әзірге оң шешім қабылданған жоқ», - деп жауап берді министр пленарлық мәжілісінен кейін өткен баспасөз мәслихатында журналистердің қойған сұрағына. 
Мектепте 30 жыл үздіксіз жұмыс істеген мұғалімдерге зейнеткерлікке мерзімінен бұрын шығу туралы мәселе талқыға салынғаны хабарланды. Бұрынғы білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова егер мұғалім оқуды бітіргеннен кейін бірден мектепке жұмысқа келсе, онда оның стажына университеттегі оқу мерзімін енгізу туралы идеяны айтқан.
Қазақстанда ер адамдар 63 жаста, әйелдер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59 жасында зейнетке шығады. 1960 жылдан 1964 жылы туған қазақстандық әйелдердің зейнетке шығу жасы кезең-кезеңмен арттырылып отырады. 2027 жылға қарай әйелдер 63 жасында зейнетке шығады.

stan.kz

16 тамыз 2019 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 577

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 561

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031