» » Білім министрі: Мұғалімдер ата-аналарды жұмыс дәптерін сатып алуға міндетті ме?

Білім министрі: Мұғалімдер ата-аналарды жұмыс дәптерін сатып алуға міндетті ме?

ÐÑÑÐ°Ñ ÐймаÒамбеÑов

Мұғалімдер ата-аналарды балаларға жұмыс дәптерін сатып алуға мәжбүрлемеуі тиіс. Бүгін Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан тамыз конференциясында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Өз сөзінде министр білім беру процесі үшін кәдімгі дәптердің өзі жеткілікті деген пікірде екенін айтты. 
«Барлық сынып үшін жұмыс дәптері міндетті емес деген пікірдеміз. Және мұғалімдер ата-аналарды жұмыс дәптерін сатып алуға мәжбүрлемеуі тиіс. Естеріңізде болса, таяуда ғана жазу үлгісі мен кәдімгі дәптерлерді пайдаландық. Жұмыс дәптерлеріне қазіргідей мөлшерде қаржы бөлінген емес», - дейді білім министрі.
Айта кетсек, сонымен қатар Асхат Аймағамбетов қазақстандық оқушыларға мектепке оқулық алып келмеуге рұқсат берілетінін айтты

stan.kz

16 тамыз 2019 ж. 99 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031