» » Көпбалалы аналарға «Батыр ана» мәртебесі берілді

Көпбалалы аналарға «Батыр ана» мәртебесі берілді

Батыр аналардың алқалары мен куәліктерін шымкенттік әкім табыстады.

ШÑмкенÑÑе ÐºÓ©Ð¿Ð±Ð°Ð»Ð°Ð»Ñ Ð°Ð½Ð°Ð»Ð°ÑÒа «ÐаÑÑÑ Ð°Ð½Ð°Â» мÓÑÑебеÑÑ Ð±ÐµÑÑлдÑ


Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі ҚР Президентінің 2019 жылғы 27 шілдедегі №80 Жарлығына сәйкес ҚР Президентінің атынан көпбалалы аналарға «Батыр ана» куәліктерін табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданының әкімі жеті бала тәрбиелеп өсірген 4 анаға «Алтын алқа» және алты бала тәрбиелеп өсірген 14 анаға «Күміс алқа» төсбелгісін тағып, мерейге бөленген аяулы жандарға куәліктерін табыс етті.

«Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін! Әр ананың арманы – баласын биіктен көру. Ұл-қыздардың тілегі — ата-ананың амандығы. Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, ұл-қыздарыңыздын қызығын көріп, бірге қуанып жүре беруге тілектеспін! Ақ жаулықты әже болыңыздар, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деп Ғабит Патшаханұлы тілегін білдірді. Айта кетейік, жалпы Әл-Фараби ауданы бойынша 4900 көп балалы ана бар, олардың 351-і «Алтын алқа» және 1300-і «Күміс алқа» иегерлері. 


21 тамыз 2019 ж. 229 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930