» » Оңтүстік Кореяға жұмыс істеймін деп барған елордалық қарызға батқан

Оңтүстік Кореяға жұмыс істеймін деп барған елордалық қарызға батқан

ÐÒ£ÑÒ¯ÑÑÑк ÐоÑеÑÒа жұмÑÑ ÑÑÑеймÑн деп баÑÒан елоÑдалÑÒ Óйел ÒаÑÑзÒа белÑеден баÑÒан -


Оңтүстік Кореяға барып, жұмыс істеймін деген елордалық әйел соңында қарызға белшеден батқан. Сеул қаласына ұшып барған ол әуежайдан ары аса алмапты, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Телеарнаның мәліметінше, алаяқтар әйелге "виза, сақтандыру полисі, жұмысқа орналастыру барлығын өзіміз тындырамыз" деп уәде берген. Осылайша ол жұмыс берушімен кездесіп, оның қолына  жарты миллион теңгеден аса ақшаны санап берген. Олар болса әйелді Алматыға шақырып, әулиелерді аралатып, сұлулық салонына апарған. Бұл қызметтер үшін әр адамнан жүз мың теңгеден қағып алыпты. 

"Көк базарға апарып бізді киіндіре бастады. Бізге артық шығын керегі жоқ, онсыз да қарызға белшеден баттық деп едік оған құлақ асқан жоқ. Сол кезде бір шикіліктің бар екеніне күдіктене бастадым. Мен ол келіншекке 550 мың теңге бердім", - дейді жәбірленуші Айжан.

Сондай-ақ, телеарна тілшілері Алматыдан Кореяға сегіз адамның барғанын айтады. Билеттерді Өзбекстан арқылы алыпты. Сеулге барғанда інісі күтіп алып, жұмысқа орналастырады деп ескерткен екен. Алайда олар әуежайда ары аса алмапты.

Кореяға жұмысқа орналастырып беремін деп уәде берген Индира есімді әйел бір адамды 650 мың теңгемен жіберетінін айтады. "650 мыңмен жіберемін бір адамды. 650 мыңның ішіне әуе билетіңіз, қонақүй, сақтандыру, кеден қызметі және Кореяға барғанда жұмысқа орналастырып бергенім кіреді 650 мыңның ішіне.

Виза екі жылдық, бірақ ол бөлек мың доллар болады", - дейді Индира. Айжан Индираға берген ақшасының тек 40 пайызын ғана қайтарып бергенін айтады. Бір қызығы алданғандардың  ешқайсы полицияға шағым түсірмеген

21 тамыз 2019 ж. 232 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 74

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930