» » Үшем дүниеге келді

Үшем дүниеге келді

Шардара ауданы Көксу ауылында тағы бір отбасында үшем туылды.

ТҮРÐÐСТÐÐ: ÐÑÑ Ð°ÑÑлда екÑнÑÑ Ò¯Ñем дүниеге келдÑ

Шардара ауданында соңғы онжылдықта төртінші отбасында үшемдер өмірге келді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шардара ауданы Көксу ауылында тағы бір отбасында үшемдер туылды.

Бұған дейін екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған үшемдердің анасы Мейрамкүл Мамбетова 1987-жылы туылған. Көксу ауылындағы “Айлин” балабақшасында еден жуушы болып қызмет етеді. Жанерке, Аман, Есен есімді үшемді анасы облыстық №1 перинаталды орталықта босанған. Дәрігерлерінің көмегімен аяғы ауыр әйелге жеткіліктің 32 аптасында ота жасалды. Шақалақтар 1740, 2250 және 2370 салмақпен дүниеге келді.

Ал, отағасы Төребек Сапаров ауылдағы “С.Ерубаев” жалпы орта мектебінде еңбек етеді. Жергілікті билік тамыз айының 17-не туылған үшемдердің де, анасының да жағдайының жақсы екендігін айтады. Тиісті көмектер көрсетіліп жатыр.

Сапаровтардың шаңырағында өмірге келген үшемдер ауданда соңғы он жылда туылған төртінші үшем болса, ауылда туылған екінші үшем. Бұған дейін екі қазақ және бір орыс ұлтының отбасында осындай қуаныш орын алған болатын.



21 тамыз 2019 ж. 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 74

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930