» » Ядролық қарусыз әлем үшін Назарбаев сыйлығы бірден екі азаматқа берілді

Ядролық қарусыз әлем үшін Назарбаев сыйлығы бірден екі азаматқа берілді


Биыл ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығына екі азамат ие болды. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев лауреаттардың есімін атады. Олар – Лассина Зербо және марқұм Юкия Амано. 

Лассина Зербо - Ядролық сынақтарға тыйым салу жөніндегі кең ауқымды келісімшарт ұйымының дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы.

Ол бұл қызметті 2013 жылдан бастап атқарған. Л.Зербо аталған ұйымның шартын даярлауға және жүзеге асыруға үлкен үлес қосқан. Оның басшылығымен осы ұйымның Халықаралық мониторинг жүйесін құру бойынша жұмыс толық аяқталған. Лассина Зербо геофизика ғылымының докторы болғандықтан ұйым қызметінде жаңа перспективті технологиялар мен әдістерді қолдануға көп назар аударған.

Юкия Амано – 2009 жылдан  2019 жылғы шілдеге дейін Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры болған.

Ол МАГАТЭ-ні тоғыз жыл бойы басқара отырып, халықаралық қауіпсіздікті  нығайтуға, ядролық қаруды таратпауға айтарлықтай үлес қосқан. Ю.Аманоның Қазақстанда Агенттіктің төмен байытылған уран банкін құру жөнінде шешім қабылдаудағы және оны іске асырудағы жетекші рөлі даусыз. Оның Иран ядролық бағдарламасы бойынша жалпыға бірдей іс-қимыл жоспары туралы келісімді жүйелі іске асыруы жоғары бағаланып отыр. Бұған қоса, Юкия Амано қатерлік ісік ауруларымен күрес, су ресурстарын басқару және азық-түлік қауіпсіздігі саласында ядролық ғылымды қолдануға баса назар аударған.

Атап өтсек, 2016 жылы бірінші сыйлық иегері Иордания королі Абдалла ІІ болды. Ол сыйлықты Таяу Шығыста жаппай қырып-жоятын қарудан азат аймақ құруға және 1,5 миллионннан астам сириялық босқындарды қабылдауға қолдау көрсеткені үшін алды.

Атап өтсек, марапаттау рәсімі Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне және Семей ядролық полигонының жабылу күніне орайластырылған. Бұған қоса, 2019 жылы Невада-Семей халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл және 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн деп жариялау туралы БҰҰ қарарының қабылданғанына 10 жыл толады. 

Іс-шараны ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы қоры Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

 
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ




29 тамыз 2019 ж. 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031