» » Елордада 16 қабатты үйді 4 айда салуға мүмкіндік беретін зауыт ашылды

Елордада 16 қабатты үйді 4 айда салуға мүмкіндік беретін зауыт ашылды

Зауыт 700-ден астам жұмыс орнын ашуға және жыл сайын 400 шаршы метрді пайдалануға беруге мүмкіндік береді.

ÐлоÑдада 16 ÒабаÑÑÑ Ò¯Ð¹Ð´Ñ 4 айда ÑалÑÒа мүмкÑндÑк беÑеÑÑн заÑÑÑ Ð°ÑÑлдÑ

ҚР Премьер-Министрі А.Мамин, ҚР вице-премьері Ж.Қасымбек және елорда әкімі А.Көлгінов №1 индустриалдық парк аумағында салынып жатқан модульдік үй құрылысы зауытында болды, деп жазады Елорда Инфо.

Модульдік үй құрылысы үйлердің сапасына нұқсан келтірмей, шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және ғимараттарды салу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Мәселен, аталмыш технологияны қолдана отырып 16 қабатты үйді 4 ай ішінде салуға болады. Қарапайым құрылыс кезінде бұл процесс бір жылдан астам уақытқа созылар еді. Құрылыс дайын модульдік блоктар есебінен жүзеге асырылып, бөлмені бірыңғай бүтін етіп жинайды. Қазіргі заманғы озық құрылыс технологиясын Германия, Қытай, Сингапур сияқты елдерде пайдаланады.

ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің айтуынша, аталмыш жоба тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырып қана қоймай, құрылыс индустриясын дамытуға серпін береді. Зауыт 700-ден астам жұмыс орнын ашуға және жыл сайын 400 шаршы метрді пайдалануға беруге мүмкіндік береді. 







02 қыркүйек 2019 ж. 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30