» » "Бәрі тыныш": Ішкі істер министрі Жаңаөзенде заңсыз митингілерге жол берілмейтінін айтты

"Бәрі тыныш": Ішкі істер министрі Жаңаөзенде заңсыз митингілерге жол берілмейтінін айтты

«ӨзÑмÑзге пÓÑÐµÑ ÑÒ±ÑÒÑза алмаймÑз»: ТұÑÒÑмбаев полиÑейлеÑге аÑналÒан баÑпана ÑÑÑалÑ

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жаңаөзендегі наразылықтарға қатысты пікір білдірді. Ол министрліктің заңсыз митингілер ұйымдастыруға деген талпыныстардың алдын алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Өз сөзінде Тұрғымбаев елімізде 55 қытайлық кәсіпорын ашылғалы жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. 
«Адамдар тобы Қазақстанда 55 қытайлық зауыт ашылғалы жатқанына қарсы шықты. Алайда бұл ақпарат жалған болып табылады. Ешқандай кәсіпорын ашылғалы жатқан  жоқ. Бірлескен кәсіпорындар, инвестициялар бар», - дейді ішкі істер министрлігінің басшысы мәжіліс кулуарында.
Сонымен қатар министр ведомство заңсыз митингілерді ұйымдастыруға деген талпыныстардың алдын алатынын жеткізді
«Әлеуметтік желілерде бұрыс ақпарат тарап жатыр. Ол заңсыз. Егер заңсыз митингілерге үндеулер болса, ішкі істер органдары бұл митингілердің алдын алады. Бүгінде бәрі тыныш», - дейді Ерлан Тұрғымбаев.
Еске сала кетсек, 2 қыркүйекте Жаңаөзенде жүзге жуық ер адам қала әкімдігі ғимаратының алдына жиналған еді. Олар жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыруды талап етті.
3 қыркүйекте 500-ге жуық тұрғын тағы да алаңға шықты. Олармен Маңғыстау облысының әкімі кездесті.
Сонымен қатар бүгін Алматыда ондаған адам әкімдіктің маңындағы алаңға жиналып, Маңғыстау облысында қытайлық кәсіпорындардың ашылуына қарсы екендерін айтты.

stan.kz

04 қыркүйек 2019 ж. 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30