» » Қарағанды облысында бес жыл бойы құлдықта болған ер адам жанайқайын айтты

Қарағанды облысында бес жыл бойы құлдықта болған ер адам жанайқайын айтты


Қарағанды облысында 5 жыл бойы қыстақта құлдықта болған Нарынбет Жұмағұлов құтқарылды. Ер азамат осы уақыт аралығында басынан өткен қиыншылықтарын айтып берді деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Телеарнаның мәліметінше, мал бағып жүрген Нарынбет Жұмағұловты ағасы тауып алған.
Ал інісін алып кетпек болғанда қожайындары жетіп келіп, қоқаң-лоққы көрсеткенін айтады. Ер адам сол уақытта қорыққанын жасырмады. Оның айтуынша, өздері үш, олар алты адам болған.

"Қолдарында не тығып тұрғанын білмейміз. Өлтіріп кете ме, атып кете ме? Жәйремнің милициясына телефон соқтық, Ағадырға қарағанда Жәйрем жақын. Жәйремнің милициясы "қолымыз тимейді, старшыйымыз жоқ" деді.Ең болмаса, форма киген бір-екі адам жібер, көмектесіңдер десек, бармаймыз деді. Жаңаарқадан шұғыл топ келгенше, үрейленіп бір жарым сағат отырдық", - дейді Қамбат Жұмағұлов.

 
Бүгінде Нарынбет Қарағандыдағы үйіне жетіп, адам қалпына келген. Дегенмен үйден шығуға, бөтенмен сөйлесуге қорқады. Бес жылда көрген қорлығын айтқанда өңі бозарып, тілі күрмеледі.
Оның сөзінше, 2012 жылы үйден жұмыс іздеп Жаңаарқа ауданына кеткен. 2014 жылға дейін әркімге бір жалданып жұмыс істепті. Тиын - ебенін жинап, 2014 жылдың мамырында үйіне кетуге жиналған. 

"Аялдамада қалтамда шамалы тиынмен арақ ішіп отырғанда екі полиция УАЗ-бенен келді. Жаңа Жәйремнің полиция бөліміне алып барды. Менімен сөйлескен капитан, атын білмеймін, сол алдай бастады, айта бастады."20-30 қой, 50 шақты сиыры бар қыстаққа барасың ба?" - деп сұрады. "Бәрін төлейміз" - деді. "Е, болды" - дедім. Қуантай Бекмолдин Бижанович деген Жейремнің учаскелік полиция бөлімінің испекторы екен", - деді ол.

Ер адам қыстақ қожайынының ұлы кейін Ішкі істер органынан жұмыстан шыққанын айтады. Мұны полиция департаменті де растап отыр.
Телеарнаның хабарлауынша, Нарынбетті қыстаққа оның әріптестері жеткізген.
Құлдықта болған ер азамат бірнеше рет қашып көргенін айтады алайда ұсталып қалып, таяқтың астына қалған.

"Күнде шамалап ұрады, Берікбол дегені берік ұрады да, Серікбол дегені оған серік болып, ақырындап жәй ұрады. Тағы оның жиендері бар Төлеутай деген, Бойня дегенің бар. Төлеутай деген жиені атпен сабаған. Түске дейін қойды қараймын. Одан кейін үйде боқ-моқ, күл, су", - дейді ол.

Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, адамды заңсыз бас бостандығынан айыру бабы бойын ша іс қозғалған.

"Шағымданушының көрсеткен фактілерін жанжакты тергеу максатында қылмыстық кодекстің 126 бабы, 1- бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс ішкі істер министрлігінің және департамент басшылығының бақылауында", - дейді Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков.

Нарынбет Жұмағұлов мыңғырған малы бар фермердің өзі ғана емес, қарамағындағыларды ұрып-соғатын бала-шағасы да "жазаға тартылса" дейді.
Ал жақынын іздеп, талай қыстаққа барған туыстары, сондай жерлерде жүрген жұмысшыларды "полиция тексерсе" деген ниетін жеткізді.
Өйткені құлдықта жүргендерге сырттан көмек келмесе, мынадай қожайындардан құтылмайды екен.


kaz.nur.kz
06 қыркүйек 2019 ж. 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031