» » "Жарты жылдан төмендету керек": Қазақстанда зейнет жасын төмендету ұсынылды

"Жарты жылдан төмендету керек": Қазақстанда зейнет жасын төмендету ұсынылды

Президент жанындағы қоғамдық сенім ұлттық кеңесінің мүшесі Жәнібек Қожық Қазақстанда зейнет жасын біртіндеп ұлғайту туралы шешімді қайта қарауды ұсынды. Қоғам қайраткері мұндай ұсынысты бүгін, 6 қыркүйекте, Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.



Өз сөзінде Жәнібек Қожық бүгінгі таңда халықты алаңдатып отырған маңызды мәселелердің бірі зейнет жасы екенін атап өтті. Ол бұл мәселені экономикалық қырынан зерттеп, қайта қарастыру керек деген пікірде. 

«Біздің экономикамыз дамып келеді. Зейнет жасын жарты жылдан ұлғайтқанның орнына, жарты жылдан төмендету керек. Осылайша, 55-60 жаста тоқтату қажет», - дейді қоғам қайраткері.

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін кезең бойынша 63 жасқа ұлғайтылады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасы 59 жасты құрады. 
06 қыркүйек 2019 ж. 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№15 (9594)

25 ақпан 2020 ж.

№14 (9593)

22 ақпан 2020 ж.

№13 (9592)

18 ақпан 2020 ж.

Хабарландыру

Тұрғындар назарына!

19 ақпан 2020 ж. 57

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 832

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 747

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829