» » 34 млн теңге: Алматыда үйін мәрмәрдан тұрғызып, ауласын қола қақпамен қоршаған байлар мемлекетке миллиондап қарыз

34 млн теңге: Алматыда үйін мәрмәрдан тұрғызып, ауласын қола қақпамен қоршаған байлар мемлекетке миллиондап қарыз

СалÑÒ ÑөлемейдÑ: ÐлÑмÑзде үйÑн мÓÑмÓÑдан ÑÒ±ÑÒÑзÑп, аÑлаÑÑн Òола ÒаÒпамен ÒоÑÑаÒан Ð±Ð°Ð¹Ð»Ð°Ñ Ð¼ÐµÐ¼Ð»ÐµÐºÐµÑке Ð¼Ð¸Ð»Ð»Ð¸Ð¾Ð½Ð´Ð°Ñ ÒаÑÑз

Бүгінгінің шық бермес Шығайбайлары. Зәулім үйлерін мәрмәрдан тұрғызып, ауласын қола қақпамен қоршаған қалталылар мемлекетке миллиондар берешек. Алматылық бай-бағландар жылдар бойы салықтан жалтарып, заңды белшесінен басып жүр.

Алматының Медеу ауданындағы элиталы зәулім үйлер. Сырттай қызығасың. Іштей қызғанасың. Екінің бірінің қолы жетпес коттедждер. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ауданда анау-мынау кісі тұрмайды. Бай-бағландардың ғана қалтасы көтереді. Көліктерінің өзі көбіне арман. Иттері шынжырлы, ауласына тірі жанды кіргізбейді. Үкіметке берешек деп ешкім ойламасы анық. Бірақ қарызға белшеден батқандар дәл осылар.
«Бүгінгі күні 126 мекен жай бойынша 34 млн теңге бюджетке берешек. Осы салықтарды өндіру мақсатында сот орындаушыларға құжаттар жөнелтілді. Енді мәжбүрлі түрде өндіріледі», - дейді Медеу аудандық мемлекетітк кіріс басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Түменбаев.
126 үй. Яғни жүзден аса қожайын. Бюджетке 34 млн теңге осылардың кесірінен түспей жатыр. Рекордты Көк-төбенің түбінде орналасқан мына үй бастап тұр.
Үкіметке 1 млн 400 мың қарызы бар қожайынның үйі үш қабатты. Сырты қымбат ақ кірпішпен қапталған. Терезелері кең. Үш балконы да көрініп тұр. Көршілері камера айтпағанымен, бұл үйде 10-15 тей бөлме бар дейді. Бірақ, қожайындары Америкада тұрады. Үш жылдан бері тірі жан кіріп шықпапты.
Расымен, есігін қақтық, дыбыс жоқ. Қақпасы лас. Коммуналдық қызметтердің түбіртегі ілулі. Көршілері иелерін жылына бір рет қана көреді екен. Салықшылар заң аясында бәрін жасадық, тек тыңдамайды деп сылтауратты. Бірақ, қарызы бола тұра шетелге қалай асқаны белгісіз. Сондықтан да, қарапайым жұрт сот орындаушыларының қысым көрсеткеніне сенбейді.
«Қыспайды. Шамасы келмейді. Қарапайым халыққа шамасы келеді, оларға шамасы келмейді» дейді.
Салықты уақытылы төлейтін Рима әжей зейнеткер болса да кешіктірмеймін, дейді. 17 сотық жерінде шаруа қожалығымен айналысып, үстемесінен қорқып шыр-пырға түседі. Бай-бағланның әрекетін Отанына опасыздық деп біледі.
«Салығы аз-ақ. Жерім 17 гектар. 8 мың ғана төлеймін. Енді олар байлар. Телевизорда айтып жатыр ғой. Ақша алып жатыр. Ұят емес па айлық алып жатыр үкіметтен», - дейді ол.
Теледидардан элиталы аудан тұрғындарының қарызын айту бер жағы. Салықшылар енді бір апта ішінде үкіметке берешегін бермеген қожайындардың аты-жөнін жариялаймыз дейді. Тіпті, бюджетке ақша өндірілу үшін жеңілдіктер де қарастырып қойған.
«Үстіміздегі жылдың 10 тамызына бастап Қазақстан бойынша салықтық рахымшылық өтіп жатыр. Бұл жерде қарызы бар азаматтар негізі салық соммасын төлеген жағдайда өсім соммасы кешіріледі», - деді МКББ.
Яғни 1-2 тіпті бес жылдап салық төлемей жалтарғандар еш жеңілдіксіз рахымшылыққа ілінеді. Заңгерлер бұл әділетсіздік дейді. Өйткені, соғыс ардагерлері, мүгедектер, көпбалалы отбасылар сияқты әлеуметтік көмекке зәру тұлғалар уақытылы төлеп, қалталыларға күші жетпеген сот орындаушыларына ренжиді. Аты-жөнін жариялау да заңға қайшы, дейді.
«Егерде шынайы ол азаматтардың айтып кеткен құқықбұзушылық әкімшілік жасап жатқан заңсыз әрекеттер болып жатса, біздің мемлекеттік органдардың күші жетпесе соған ғана жүгінуге мәжбүр боламын. Әрине бұл дұрыс емес. Бізде заңның өз нормалары бар. Сол арқылы жауапқа тартуға болар еді», - деді заңгер Нұра Тынысқызы. 
Яғни заңгер бір ауданнан қарыздың көлемі 34 млн теңгеге дейін жиналып қалуды салықшылардың өздерінің олқылығы дейді. Себебі, берешегі бар азаматтардың ең әуелі жеке шоттары бұғатталады. Шетелге шығу мүмкіндігінен айырылады. Мүлкін тәркілеуге тіркейді. Сонда, бір млн теңгеге дейін өсіріп, қалай шетелде жүр деген сұрақ, бізді де мазалап барады.

stan.kz

10 қыркүйек 2019 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031