» » Қолынан ұстап үлгерді: Оралда полицей көпірден секірген жүкті әйелді құтқарды

Қолынан ұстап үлгерді: Оралда полицей көпірден секірген жүкті әйелді құтқарды

ÒолÑнан Ò±ÑÑап үлгеÑдÑ: ÐÑалда полиÑей көпÑÑден ÑекÑÑген жүкÑÑ ÓÐ¹ÐµÐ»Ð´Ñ ÒÒ±ÑÒаÑдÑ

Оралда жүкті әйел Шаған өзенінің үстіндегі көпірден секіріп кетпек болды. Абырой болғанда, оны полиция қызметкері байқап қалыпты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, оқиға 13 қыркүйекте орын алған. Алайда бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр. 
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел аяқ киімін шешіп, көпірден секіруге оқталған. Осы кезде оны полиция қызметкері Самат Балданов байқап қалыпты.
«Полицей бірден көлігін жолдың шетінде қалдырып, әйелге жаяу беттеген. Сол кезде әйел қоршаудан әрі өтіп үлгеріпті. Артынша әйел тепе-теңдікті сақтай алмай, төменге құлаған. Алайда Балданов дер кезінде көмекке келіп, оның қолынан ұстап қалып үлгерді. Полицей сол маңнан өтіп бара жатқан көлік жүргізушілерінің көмегімен әйелді шығарып алды», - дейді полициядағылар. 
Анықталғандай, көпірден секіріп өлмек болған әйел Оралдың 31 жастағы тұрғыны екен. Оқиғадан кейін күйзеліс салдарынан әйелдің қояншық талмасы ұстап қалыпты. 
«Самат Балданов оқиға орнына қосымша күштер мен жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер әйелді облыстық ауруханаға алып кетті. әйелдің сөзінше, ол отбасындағы қиындықтар үшін өзіне қол жұмсамақ болған», - дейді полиция департаментіндегілер.
Полиция мәлімдегендей, басшылық Самат Балдановтың әрекетін елеусіз қалдырмайды.



23 қыркүйек 2019 ж. 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930