» » Қызылордада дәстүрлі ақындар мектебі ашылады

Қызылордада дәстүрлі ақындар мектебі ашылады

Бұл Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асады.

Қызылордада дәстүрлі ақындар мектебі ашылады


Қызылорда облысында белгілі айтыскер-ақын Заметдин Ибадуллаев атындағы дәстүрлі ақындар мектебі ашылады. Ақындар мектебі өнер иесінің өзі өмір сүретін Сырдария ауданында тұсауын кеседі, деп жазады ҚазАқпарат. Аталмыш игі шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асады.

Бұл жағымды жаңалықты Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов жария етті.

Аудан әкімі әлеуметтік желідегі жазбасында «Қазақ руханиятында өзіндік орны бар Заметдин Ибадуллаевты ақтаңгер айтыс ақыны деп құрмет тұтамыз. Сөз өнерінің құдіреті мен ақын қиялының ұшқырлығын жоғары бағалай аламыз. Жақында аудан әкімдігінде аппараттық мәжіліс өткізіліп, ауданның мәдениет саласында атқарылған және жүзеге асырылатын жұмыстар кеңінен талқыланды. Тиісті сала басшыларына «Заметдин Ибадуллаев атындағы дәстүрлі ақындар мектебін» ашу жөнінде ұсыныс енгізуге тапсырма бердім. Жуырда аудандық мәслихатының шешімімен Заметдин Ибадуллаевқа «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді», - деп жазды Руслан Рүстемов.


Заметдин Ибадуллаев 1939 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылында дүниеге келген. Өнер иесі туған топырақтан жыраққа кетпей-ақ үлкен табыстарға қол жеткізді. Өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдары айтыста өз өрнегін таныта білді. Соның ішінде айтыстың өтірік өлең түрінен жұртшылыққа кеңінен танымал болды. Сондай-ақ, З.Ибадуллаев қазақ халқының көптеген қисса-дастандарын жас ұрпаққа жеткізуде өлшеусіз еңбек сіңірді. Қазіргі таңда ол кісінің репертуарында «Көрұғлы», «Әзіретәлі мен Дариға қыздың күресі», «Жүсіп-Зылиха», «Айша бибі туралы аңыз», «Хазіретәлі Ғали жайлы хикая» секілді туындылар бар.

25 қыркүйек 2019 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 222

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 277

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930