» » Ғалымдар кір жуғыш машинаның қай режимі қауіпті екенін айтты

Ғалымдар кір жуғыш машинаның қай режимі қауіпті екенін айтты


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кір жуатын машиналардың үнемдеу режимін қолдану адам денсаулығына зиян. Ғалымдар зерттеу келе мұндай режим антибиотиктерге қарсы тұратын зиянды бактерияларды жоймайтынын айтты.

Ғалымдардың мұндай шешімі MedicalXpress порталында жарияланған.

Бон ауруханаларының бірінің қызметкері ғалымдардан медициналық мекемедегі созылмалы эпидемияның басылмауының себебін сұраған.

Ғалымдар кір жуатын машинаның кір жуғыш ұнтақ салатын ыдысы мен барабанның ішіндегі резиналарда пневмония (өкпе қабынуы) ауруын қоздыратын көптеген бактериялар болатынын анықтады.

Ғалымдар бұл бактериялар үнемдеу режимінде жойылмайтынын айтты. Осының кесірінен адамның ішектері зақымдалады, яғни ішектің қабынуы мен асқазанның түрлі ауруға шалдығуына әкеп соқтырады.

 Зерттеушілер егер үйде созылмалы жұқпалы аурумен немесе бітпейтін жарасы бар адамдар тұрса кірді үнемдеу режимінде жумау керектігін айтады.

Фото: ашық дереккөз

30 қыркүйек 2019 ж. 316 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9640)

11 тамыз 2020 ж.

№60 (9639)

08 тамыз 2020 ж.

№59 (9638)

04 тамыз 2020 ж.

Сұхбат

САЛАДА СЕРПІЛІС БАР
11 тамыз 2020 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31