» » Денис Тенді еске алу: Әлемдік мәнерлеп сырғанау жұлдыздары Алматыға келмек

Денис Тенді еске алу: Әлемдік мәнерлеп сырғанау жұлдыздары Алматыға келмек

Турнир бағдарламасында керемет Гала-шоу да қарастырылған.

Денис Тенді еске алу: Әлемдік мәнерлеп сырғанау жұлдыздары Алматыға келмек

«Халық Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан өтетін сайыста әлемнің әр түкпірінен келген 15 жұлдыз өнер көрсетеді, деп хабарлайды Almaty.tv. Турнир ұйымдастырушысы қазақстандық фигуристің туыстары мен жақындарының бастамасымен құрылған «Денис Тен Қоры».

Сайыс жасөспірімдер мен ересектер арасында ерлер, әйелдер, жұбымен сырғанау және мұздағы би төрт категория бойынша өтеді. Олимпиада ойындарының жүлдегері, казақстандық спортшы Денис Тенге арналған халықаралық турнир, Халықаралық коньки тебушілер одағы қамқорлығының арқасында (ISU) өткелі жатыр.

Қазақстан тарихында тұңғыш рет Алексей Мишин, Этери Тутберидзе, Елена Водорезова сынды жаттықтырушылардың тәрбиесін көрген бүкіл әлем спортшылары, сондай-ақ қазақстандық фигуристер жүлделі орындарға таласады әрі көрмерменге керемет ойын көрсетпек. Турнир бағдарламасында сондай-ақ керемет Гала-шоу да қарастырылған.

«Денистің өмірлік басты мақсаттарының бірі Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамыту және әлемдік аренаға шығару болатын. Сондықтан осындай ауқымды турнирдің елімізде алғаш рет өткелі жатқаны – біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл – еліміз тарихындағы және осы спорт түрін дамыту жолындағы үлкен жетістік. Біз мәнерлеп сырғанауды жақсы көретіндерге ұмытылмас әсер сыйлайтынымызға өте қуаныштымыз», – деді Денис Теннің анасы Оксана Алексеевна.

ernur.kz


30 қыркүйек 2019 ж. 67 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031