» » Қарағанды облысында атаулы әлеуметтік көмек алып келген отбасыны сотқа беріп жатыр

Қарағанды облысында атаулы әлеуметтік көмек алып келген отбасыны сотқа беріп жатыр

Осы жылдың сәуір айынан бастап көпбалалы отбасы қатарына енген Әлхайдаровтар отбасы мемлекеттік берген әлеуметтік көмегін алып, қуанған еді. Алайда, ұзағынан болмады. Енді төрт ай бойы алған атаулы әлеуметтік көмектері желкесінен шығып жатыр. Әлеуметтік сала мамандары берілген барлық қаражатты қайтарып алу үшін сотқа жүгінген, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Төрт баланың анасы Нұрсұлу Әлхайдарованың кенжесі жақында ғана бір жасқа толған. Енді оған бала күтімі үшін берілген әлеуметтік көмек ақысы да тоқтатылған. Жолдасы Шахан елдімекеніндегі мектептің бірінде пеш жағушы болып жұмыс жасайды. Келісімшартпен берілетін қаражат мөлшері 83 мың болғанымен, қолға 70 000 теңге алады екен.
«Мен сәуір айының 24-нен атаулы әлеуметтік көмекті ала бастадым. Қуандым қатты, бірақ ол ұзаққа созылмады. Тамыздың 12-нен бастап ақшаны беруді тоқтатып тастады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, менің жолдасымның зейнетақы қорына бір айда екі рет ақша түскен. Сондықтан,  қосымша жалақыны жасырып отырсыңдар деп айып тағып, бізді сотқа беріп жатыр. Қосымша жолдасым ешқайда жұмыс жасамайды. Ол кірісті мектеп есепшісі бір рет жіберген. Ол бағдарламадан өтпей, қайтарылып келген. Кейін ол екі рет қайта жіберіп қойған. Бұл жерде жаңадан келген есепші бағдарламаны дұрыс меңгермегендіктен кеткен қателік қой» - дейді көпбалалы ана Нұрсұлу Әлхайдарова. 



Көпбалалы отбасының отағасына қосымша жұмыс істеп, жалақысын жасырды деген мамандарды сот процессінен кейін сөзге тартып көрдік. Айтуларынша, олар шотқа түскен артық ақшаны көргеннен кейін сотқа талап - арыз беруге міндетті екен. 
Алайда осы күнге дейін жалдамалы пәтерде жүрген көпбалалы отбасы балаларға қыстық киімді ала алмай отырғанда, соттан жеңіліп қалсақ, төрт айға берілген 374 000 мың теңгені қалай қайтарамыз деп зар жылап отыр.
«Мен бұл соманы қалай қайтарып беремін? Көмір алатын уақыт та тақалды. Балалардың қысқы киімі ол жоқ. Қуанып едік, аз да болса жыртығымызды жамаймыз, таршылық көрмейміз деп. Енді келіп мынандай істеп жатыр. Ана жерден, мына жерден кіріс түсті деп. Егер менде кіріс жақсы түсіп тұрса, мен неге атаулы әлеуметтік көмекке тапсырам? Онда тапсырмайтын едім де...» - деп жаны қиналған көпбалалы ана көз жасқа ерік берді.
Аталған мәселенің мән-жайын білу үшін Ғафу Әлхайдаров жұмыс жасайтын мектеп есепшісіне де хабарластық. Жұмыс беруші тарап пеш жағушы болып жұмыс жасайтын қызметкерінің тұрақты жалақы алмайтынын айтып, зейнетақы қорына бағдарламаның кесірінен бір айда бірнеше рет аударылымдар енгізіліп кеткенін мойындады.



«Ол -  біздің қызметкер. Мәселе былай, бізде 1С деген бағдарлама бар. Бір қателік кеткен. Есепші қаңтар айында жаңадан келген. Біз сотқа бүкіл материалды дайындадық. Есепші бағдарламаға енгізген. Бір рет басқан ол, кетті деп ойлаған. Одан кейін аналар звондаған "түскен жоқ" деп. Есепші тағы да жіберген. Сонда істемей тұрған бағдарлама бірден істеп кетіп, екі рет қабылдап қойған. Енді талап берушілер жалақы екі рет түсті деп сонымен қарап отыр. Есепші барлық керекті дәлелдерді дайындады. Келесі аптада сотқа барады» - дейді Шахан елдімекенінің №12 мектептің директоры Беркен Мұстафин.
Көпбалалы отбасыға «қосымша жалақыны жасырдың» деп тағылған айыптың сот процесі бірінші қазанға қалдырылды. Дәл сол отырысқа мектеп есепшісі келеді деп күтіледі.

stan.kz

01 қазан 2019 ж. 545 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031