» » ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ТЫҢДАЛДЫ

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ ТЫҢДАЛДЫ


ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Талқанбаев «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында жеке қабылдау өткізді. Департамент басшысының қабылдауына келген М.Шәменов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы мемлекеттік қызметті өткеру мәселелеріне байланысты сұрақтарын қойса, «Ақмаржан» бөбекжай-балабақшасының қызметкері мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау барысында тиісті мекемелерден алынатын анықтамаларға қатысты ой-пікірін білдірді. Бұл сауалдарға жауап берген Н.Талқанбаев мемлекеттік қызмет көрсету азаматтарға тиімді әрі қолжетімді болуы керектігін тағы бір еске салды.
Ал Бұқарбай батыр елді мекенінің тұрғыны атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға байланысты кейбір мәселелерді түсінбейтінін жеткізді. Оның 4 баласы бар екен. Отбасында тек өзі ғана жұмыс жасайды. Жалақысы да айтарлықтай мәз емес. Отбасылық жағдайын айтып, әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш білдірген оның ұсынысын назарға алған департамент басшысы бұл отбасыға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ аудандық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Н.Серәлі «Президенттік жастар кадрлық резерві» жобасы және жастардың мемлекеттік қызметке түсу талаптарын сұрады.
Қабылдау соңында департамент басшысы тұрғындардың шағымдарына байланысты заңды шешімдер қабылданатынын жеткізді. Сонымен бірге ол кент тұрғыны, жалғызбасты ана, зейнеткер Г.Опабекованың үйінде болды. Зейнеткер денсаулығына байланысты шағым білдіріп, өтінішін жеткізді. Оның шағымына сәйкес тиісті шешімдер қабылданып, қаржылай материалдық көмек көрсетілді.
Мұнан соң Нұрман Талқанбаев Еңбек ауылы тұрғындарымен кездесіп, Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндірді.
– Президент өзінің Жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» деп баса айтып өтті. Әсіресе халықпен кері байланысты арттыру қажеттігін айтты. Қоғамдық диалог орнатып, ашықтық, көмекті қажет еткен жандарға дер кезінде жәрдем ету, мәселесіне уақытылы назар аудару мемлекеттік органдардың басты жұмысы екені де назардан тыс қалмады. Азаматтар өтініштерінің орындалуын енді Президент әкімшілігі тарапынан бақылауға алынбақ. Лауазымды тұлғалардың ашықтығы дұрыс болмағандықтан халықтың Президентке шағымданып келетінін де орынды қозғады. Үкімет мүшелеріне, мемлекеттік органдар мен өңірлердің, мемлекеттік компаниялардың және мекемелердің басшыларына тиісті реформаның жүзеге асырылуы үшін жауап­кер­шілік жүктеді. Мемлекеттік қызмет – ха­лыққа қызмет. Сондықтан оған ашықтық пен қолжетімділік қажет, – деді департамент басшысы.
Жиын соңында ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін айтып, сауалдарына жауап алды.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ
04 қазан 2019 ж. 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031