» » 6 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар

6 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар

Дүниежүзілік табиғи ортаны қорғау күні
1979 жылы Еуропада жабайы фауна мен флораны, жануарлар жайлаған табиғи ортаны қорғау туралы Берн конвенциясы бекітілді.

Қазақстанда есепшілер күні
Бұл мереке әзірге ресми мәртебеге ие болған жоқ. Бүгінде кез келген мекемені есепшісіз елестету мүмкін емес. Осы мамандық иелерінің үлесін ескеру үшін бұл күн бүгінде кеңінен атап өтіледі.

Қазақстанда қорғаныс өнеркәсібінің қызметкерлері күні
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылдың 31 қазандағы №689 қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мерекелік даталар тізімінде бекітілген.

1992 жылы Алматыда Азиялық тәуелсіз және плюралистік ақпарат құралдарын дамытуға ықпал ету жөніндегі ЮНЕСКО семинары өз жұмысын бастады.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссия қорытындысы негізінде Қарағанды облыстық мәслихаты Осакаров, Жаңаарқа және Шет аудандары елді мекендерінің атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Октябрь селосы - Қарағайлы, Литвиновка мен Красноармейский ауылдық округі - Есіл, Скобелев ауылдық округі - Сұңқар, Вольский - Сарыөзек, Пролетарский - Ақбұлақ болып өзгертілді. Жаңаарқа ауданының Аппаз ауылына Мұқажан Жұмажановтың, Шет ауданының Жарық теміржол стансасына Сәкен Сейфуллин есімі берілді.

2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында алғашқы жоғары кернеулі трансформатор шығарылды. Қуатты машинаны «Кентау трансформатор зауыты» АҚ жасап шығарған, олар бір жыл ішінде қуаттылығы 25000 кВА жоғары кернеулі трансформаторларды шығаратын жаңа цехты салды. Бұл - отандық энергетика саласындағы инновациялық жоба. Жаңа цех жетекші батыс фирмаларының жоғары технологиялық жабдықтарымен жарақтанған.

2010 жылы Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Заң осы саладағы қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

2017 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетінің атауы Satbayev University болып өзгертілді.
06 қазан 2019 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 577

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 561

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031