» » Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек өзін сынағандарға жауап берді

Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек өзін сынағандарға жауап берді

 "Қазақстанда ешкім аштан өлмейді. Қазақстанда аузы қимылдағанның қолы қимылдайды, қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. Алаңға келген адамдардың 50%-ын "жертво" қылып шығарып жатыр. Сіз "приказбен" келдіңіз бе? Мемлекет үшін шаруаңызды жасаңыз". Бұл ақын Тазабектің жуырда полицейлермен кездесуінде сөйлеген сөзінен үзінді.
  Тазабектің осы уағызы желіде тарап, біраз адамның ашуын туғызған еді. Кешелі бері желі қолданушылары ақынды сынға алып, сөгіп жатыр. Бүгін Мұхамеджан Тазабек инстаграм парақшасында сынап-мінегендерге өз жауабын берді.

  "Жанашырларыма" үлкен "рахмет" айтқым келеді. Бүкіл кездесуіме барып, видеоларымды жинап, мінсіз монтаж жасап, қай күні қанша адамға насихат айтқаныма дейін тәптіштеп, ерекше еңбек жасаған екенсіздер... Басын аяғына, аяғын басына жапсырып, бір сөйлемді екіге бөліп тұрып монтаждап, айрықша майталмандық танытқан екенсіздер...Соншама кездесуде, мұншама "қатыгез, ел бұзарлық, екі жүзді" сөздер айтқан болсам, көзбе-көз естіп отырған бірде-бір тыңдарманның әлеуметтік желіде қарсы пікір білдірмегені қалай? Керісінше жүздесуден ұлттық рухы қайралып, ризашылықтан ақ батасын жаудырған мыңдаған ағайынның ақ тілегі алдамшы алғыстар ма еді?!", - деп жазған ол.

  "Кездесулер кәсіби камераға түсірілген екен. Оның үстіне әркімнің қалтасында смартфон жүр ғой. Ешбір жерде ешкімге түсіруге тыйым салғаным жоқ. Құқық қорғаушыларға қарата, "халықты аямаңдар, ұрыңдар, соғыңдар, олар бүлікшілер, аяғын сындырыңдар, ата-әжені жұлмалаңдар, әйелдер мен бала-шағаны шыңғыртыңдар" деген екі минуттық, тым болмаса монтаждалмаған бір минуттық видеоны жұртқа жариялаңыздаршы. Болмаса, қытайды жақтаған, оның даңқын аспандатқан 2 минуттық монтаждалмаған видеоны маған тауып беріңіздерші. Тауып берген кісіге астымдағы атымды түсіп беруге дайынмын", - дейді Тазабек.

06 қазан 2019 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 577

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 561

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031