» » Алматы облысында 15 жастағы қыз көлік ұрлады

Алматы облысында 15 жастағы қыз көлік ұрлады

Күдікке ілінген бойжеткен көлік иесінің танысы болып шықты.

Алматы облысында 15 жастағы қыз көлік ұрлады


Қыздың аймақтағы колледждердің бірінде оқитыны анықталды, деп жазады baq.kz.

Алматы облысының тәртіп сақшылары «Лексус RХ-300» автокөлігін ұрлады деген күдікке ілінген 15 жасар қызды ұстады.

Оқиға 6 қазанда тіркелген. Талдықорған қаласы полициясының «102» арнасына жергілікті сауналардың бірінің аумағынан джип ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Көшелерде орналастырылған бейнебақылау камералары арқылы тәртіп сақшылары ұрланған көліктің бағытын анықтап, қаладан шығу жолдарына тосқауыл қойды.

«Автокөлік облыс орталығынан Үштөбе қаласына қарай бет алған. Күдікті құрбысымен бірге көлікті тастап, такси ұстап із суытуға тырысты. Күдікке ілінген бойжеткен көлік иесінің танысы болып шықты. Күдікті қалалық полицияға жеткізілді және 15 жастағы бойжеткеннің Үштөбе колледжінің бірінде оқитыны анықталды. Ұрланған автокөлік бірден заңды иесіне қайтарылды» - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Автокөлікті заңсыз иелену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Құқық бұзушылыққа қатысы бар жағдайлар тексеру барысында анықталады.

07 қазан 2019 ж. 84 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031