» » Қазақстанда электр қуаты қымбаттады

Қазақстанда электр қуаты қымбаттады


Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың қазан айынан бастап еліміздің үш облысында электр қуатының тарифтері қымбаттады. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады, деп жазды LS басылмы.

Аталған комиеттің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының тарифтері 3,2% өскен, яғни 1 кВт сағат 11,392 теңгеден 11,758  теңгеге дейін өскен. Сондай-ақ, Батыс Қазақстанда 0,18% артып, 1 кВт сағат 16,03 теңгеге жеткен. Маңғыстау облысында да 3,37% өсіп, 15,96 теңгеге жеткен.

Ведомствоның хабарлауынша, қоғамдық маңызы бар нарықта бағаның құрылу ережелеріне сәйкес табиғи монополия субъектілері баға шегіне байланысты тауарлардың бағасын өздігінен көтеріп, төмендете алады. 

Сонымен қатар, олар комитетке бағаны неліктен көтергені немесе түсіргені туралы бес жұмыс күні ішінде түсініктеме беру керек. 

«Бұл облыстардағы  энергиямен жабдықтаушы ұйымдар шекті деңгейден аспайтын келісілген бағамен қайтып келді», - дейді комитетдегілер.


Фото: ашық дереккөз




07 қазан 2019 ж. 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031