» » Алматыда 20 қабаттан секірмек болған әйелді полиция аман алып қалды

Алматыда 20 қабаттан секірмек болған әйелді полиция аман алып қалды

26 жастағы келіншектің жанында алты айлық ұлы болған.

Алматыда 20 қабаттан секірмек болған әйелді полиция аман алып қалды


Алматыда полиция қызметкерлері 20-қабаттан секіруге тырысқан жас ананы аман алып қалды, деп жазады zakon.kz.

102-ге жедел байланыс желісіне "Манхэттен" тұрғын үй кешені тұрғындарының бірі хабарласып, бір әйелдің 20-шы қабаттағы пәтерінің балконына шығып алып, өлмек болып жатқанын айтты. Оқиға орнына "Боран-080" патруль бригадасы дереу жетті. Полиция аға лейтенанты Саят Бекжанов пен полиция лейтенанты Нұрсұлтан Бектұрсын бұл ақпаратты растап, үйдің 20-қабатына көтерілді.

"Біз балконға аяғымыздың ұшымен ақырындап жақындап келдік, әйел балкон үсітіне мініп алып, аяғын сыртқа салбыратып отыр, ал балконда арбада емшектегі бала жатыр екен. Ол бізді байқамады. Көрші әйелдер оның назарын бұрып, мұндай жаман қадамға бармауын айтып, оны райынан қайтарып жатты. Сол кезде біз әйелге тұтқилдан тап беріп, қапсыра құшақтап, оны пәтерге қарай сүйреп алып кірдік. "Не болды, неге бүйттің" дегенде әйел үнсіз жылай берді. Содан оны жұбату үшін құшақтап едім, келіншек өкіріп жылап жіберді. Содан оның басында қиын жағдайлар өтіп жатқаны түсінікті болды. Ең бастысы, ең жаман нәрсе артта қалды. Жас ана да, оның әлі бір жасқа жетпеген ұлы да дін аман, - дейді Алматы қаласы Жол-патрульдік полиция инспекциясының инспекторы" - аға лейтенант Саят Бекжанов.

Осылайша 26 жастағы әйел аман қалды. Ол тұрмысқа шыққан екен, күйеуі басқа қалада жұмыс істейді. Полиция жас ананы мұндай әрекетке не итермелегенін анықтап жатыр, ал келіншекпен психолог жұмыс істеуде.


09 қазан 2019 ж. 72 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031