» » ҒАЛЫМДАР АЛКОГОЛЬДІҢ ЖАРЫМЕСТІКТІ ТУДЫРАТЫНЫН ДӘЛЕЛДЕДІ

ҒАЛЫМДАР АЛКОГОЛЬДІҢ ЖАРЫМЕСТІКТІ ТУДЫРАТЫНЫН ДӘЛЕЛДЕДІ


Канаданың Психикалық саулықты зерттеу орталығының ғалымдары алкоголь ішімдіктерді үнемі пайдалану жарыместіктің барлық түрінің даму қаупін арттыратынын анықтады, деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz.
Зерттеу қорытындысы MedicalXpress журналында жарияланды.  Мамандар Францияда тіркелген ерте деменцияның 60 мың жағдайын сараптаған. 57 пайыз жағдайда бұл ер адамдардың күніне 60, ал әйелдердің 40 грамм этанол қабылдауына байланысты болды.  Осылайша, анықталған корреляция ұзақ мерзімді алкоголизм жарыместіктің жас кезде де пайда болуына соқтыратынын көрсетіп отыр.  Зерттеушілердің сөзінше, ішімдікті жиі пайдалану адам өмірін 20 жылға дейін қысқартады екен. Ішімдікке әуестіктен жарыместікке әйелдер көбірек шалдықса, ал ер адамдар когнитив ауытқулардан жиі зардап шегетін болып шықты.  Сонымен қатар, ішімдікке әуестік шылым шегу, қан қысымының жоғарлығы, диабет, депрессия мен естудің нашарлауы сияқты деменцияға түрткі болатын өзге де факторлармен байланысты.
22 ақпан 2018 ж. 407 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 215

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 269

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930