» » "Мұғалімдер асханадан тамақты қарызға алады": Білім министрі көкшетаулық мұғалімнің сұхбатына қатысты пікір білдірді

"Мұғалімдер асханадан тамақты қарызға алады": Білім министрі көкшетаулық мұғалімнің сұхбатына қатысты пікір білдірді

Қазан айының басында YouTube-те қазақстандық мұғалімнің сұхбаты жарияланып, педагог жаңартылған білім бағдарламасын сынаған еді. Өз кезегінде білім министрі Асхат Аймағамбетов Facebook желісінде аталған роликке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Асхат Аймағамбетов әрбір мұғалім мен ата-ананың өз пікірін білдіруге құқығы бар екенін айтады. Осыны түсіну керек, дейді ол.
"Көпшілік аталған роликті қызу талқылап жатыр. Қазір бұл материалда айтылған дүниелерге баға бермей-ақ қояйын. Әрбір мұғалім мен ата-ананың өз пікірін білдіруге құқығы бар. Осыны түсіну керек.
Сіз бен біздің міндетіміз – осы ұсыныстар мен ескертулерді есту. Осыған байланысты мемлекет басшысы айтылған ұсыныстарды әрі қарайғы жұмыста қолдану үшін, барлығын саралауды тапсырды", - дейді білім министрі.
Еске сала кетсек, бұған дейін YouTube-те көкшетаулық мұғалім Әлия Ахметованың сұхбаты жарияланған еді. Сұхбат барысында педагог жаңартылған білім бағдарламасын сынға алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мұғалімдердің жалақысы туралы пікірін айтқан-ды.
"Мұғалімдер асханадан тамақты қарызға алып ішеді. Міне біздің мәртебеміз", - деді Ахметова.

stan.kz

18 қазан 2019 ж. 468 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9629)

04 шілде 2020 ж.

№49 (9628)

30 маусым 2020 ж.

№48 (9627)

27 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031