» » Байқоңырдан кезекті зымыран-тасығыш ұшырылады

Байқоңырдан кезекті зымыран-тасығыш ұшырылады

«Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясы 1 желтоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағынан кезекті зымыран-тасығышты ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Роскосмос» 2019 жылдың басынан бері ғарыштық мақсаттағы 20 зымыранның және 12 жауынгерлік зымыран кешенінің ұшырылымын жасады. Жыл соңына дейін ғарыштық мақсаттағы – 9 ұшырылымды және жауынгерлік зымырандардың ұшырылымдарын орындауды көздеп отырмыз. Сонда барлығы 40-тан астам (жыл бойы) болады», - деді «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозин кеше Циолковский атындағы Ресей ғарыш академиясының отырысында.
Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан жүзеге асырған ұшырылымдар статистикасына сүйенсек, 2019 жылы 11 зымыран ғарышқа аттандырылды. Олардың төртеуі - «Протон-М», қалған жетеуі - «Союз».
Ал жыл соңына дейін Байқоңырдан «Союз-2» зымыран-тасығышының тағы бір ұшырылымы жасалады. Ол орбитаға «Прогресс МС-13» жүк кемесін шығаруы тиіс. Старт 1 желтоқсанға белгіленген.
01 қараша 2019 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930