» » Таразда психотроптық дәріні аяқ киімге салып түрмеге өткізбек болған

Таразда психотроптық дәріні аяқ киімге салып түрмеге өткізбек болған

Тараздағы түзеу мекемесінде отырған жазасын өтеушіге дәрілік препарат толы аяқ киім жолдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз қаласында орналасқан ЖД-158/7 мекемесінде дәрі-дәрмек толтырылған ерлерге арналған етік табылды. Аяқ-киім Алматы қаласынан сотталғандардың біріне жолданған. «Жаза өтеушілерге кезекті рет жолданған сәлемдемелерді тінтіп-тексеру барысында сәлемдеме күдік туғызған. Режім бөлімі бастығының орынбасары Саят Рақымов пен 5513 әскери бөлімінің бақылаушысы Мөлдір Оңғарбаева жіті зерделеу барысында былғары бәтеңкенің табаны яғни ұлтарақ асты толы екенін анықтаған. Тексеру нәтижесінде 491 дана белгісіз ақ дәрі табылды», делінген ведомство хабарламасында. Осыған байланысты оқиға орнына Тараз қалалық Полиция басқармасы 1 полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы шақырылды. Сот-химиялық сараптамада аталған дәрінің психотроп екендігі толықтай дәлелденді. Басқарма мамандарының айтуынша дәрігердің қатаң рецептімен ғана саудаланатын емдік заттың мұндай көп мөлшерде қоғамда еркін қолдан-қолға қалай тарағаны тексерілу үстінде.


www.kazinform.kz
06 қараша 2019 ж. 72 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 237

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 289

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930