» » Шағын және орта бизнес субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін оларды мемлекеттік тіркеу және қызметін тоқтатуды тіркеу кезіндегі жеңілдіктер

Шағын және орта бизнес субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін оларды мемлекеттік тіркеу және қызметін тоқтатуды тіркеу кезіндегі жеңілдіктер

Мемлекеттік органдардың алдына мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, оларды мүмкіндігінше хабарлау тәртібіне өткізе отырып, барынша қолжетімді ету туралы міндет қойылды. Осыған орай Әділет министрлігі жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеудің «қайта тіркеудің» жеңілдетілген тәртібін қалыптастыру барысында мемлекетті қызметтер көрсету процесіне осы заманғы ақпараттық технологияларды жүйелі түрде енгізуде. Қазіргі таңда жаңадан кәсіпкерлік ашқысы келетіндерге құзырлы органға барып, қағаз жүзінде өтініш беріп, тіркелудің қажеті болмай қалды. Сондай-ақ қызмет түрлері электронды түрде жүзеге асырылатындықтан мемлекеттік органның келісімін алудың қажеті жоқ.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.
Шетелдік қатысатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:
құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;
нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны жөнінде хабарламаны қабылдау туралы растау болып табылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы беру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Шағын және орта бизнес нарықтық экономиканың маңызды элементтерінің бірін құрайды. Шағын және орта бизнес – бұл нарықтық экономика жағдайында мемлекет халқының материалдық әл-ауқаттылығын қамтамасыз ету мен тұрақты экономикалық дамудың ішкі көзі, маңызды стратегиялық ресурсы болып табылады. Бүгінгі күні қазақстандық бизнес қайта құрылуға және дамуға бағыт алды және мұндағы маңызды рөл мемлекет тарапынан көмекке тиесілі.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғалар үшін оларды мемлекеттік тіркеу және қызметін тоқтатуды тіркеу кезінде жеңілдіктер  жасалған.  Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларды Әділет органдарымен бизнесті ашумен байланысты рәсімдерді жеңілдету бойынша тиісті шаралар қабылданған. Атап айтқанда:
-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін «электронды үкімет» Веб-порталында тіркеу мерзімін өтінішті берген кезден бастап жұмыс күнінің 1 сағатқа қысқаруы
-шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін оларды мемлекеттік тіркеу және қызметін тоқтауды тіркеу кезінде тіркеу алымын төлеуді жою, яғни мемлекеттік баж төленбейді
-шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 теңге жарғылық капиталының талап етуді жою
-жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеу кезінде субъект Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген, жеке кәсіпкерлік субъектісінің критерийлеріне сәйкес санатты дербес айқындайды және оны өтініште көрсетеді.
-заңды тұлғаның мөрі болған кезде ғана, жою туралы құжат ұсынылады.

Жалағаш аудандық әділет басқармасы
07 қараша 2019 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 214

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 268

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930