» » Зияткерлік меншік құқығы туралы

Зияткерлік меншік құқығы туралы

Қазақстан дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының мүшесі, сондықтан да зияткерлік еңбек – әрбір азаматтың жеке мүліктік құқығы, яғни, оның жеке меншігі.
Əрбір қоғамның өмірінде материалдық құндылықтардан басқа рухани құндылықтар да маңызды рөл атқарады. Адам туылғанда табиғат оған ойлау, шығармашылық, ғылыми жəне мəдени туындылар жасау қабілетін сыйға береді. Осы шығармашылық туындылар əрбір халықтың, мемлекет пен адамзаттың рухани жəне зияткерлік қорын құрайды.
Зияткерлік меншікке адамзат ой-санасымен жасалған өнертабыстар, әдеби және драмалық туындылар, сондай - ақ, коммерциялық мақсатта пайдаланылатын таңбалар, атаулар және үлгілер жатады. Оның өзі өнеркәсіптік меншік және авторлық құқық болып бөлінеді. Өнеркәсіптік меншікке патент берілетін өнертабыстар, селекциялық жетістіктер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары мен атаулары енеді. Ал, авторлық құқық объектілеріне әдеби, ғылыми шығармалар, музыкалық, бейнелеу, мүсіндеу, графика, сәулет, фотосурет туындылары жатады. Сабақтас құқық объектілеріне қойылымдар, орындаулар, фонограммалар, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының бағдарламалары кіреді. Автор дегеніміз - шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға болса, авторлық құқық – автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болып табылады.
Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болып, халықаралық қатынастарда өзіне сəйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр. Соған сəйкес ұлттық заңнамаларда қазақстанда зияткерлік қарақшылыққа жол бермейтін заңдар қабылданды. Қазақстан Республикасындағы Зияткерлік меншік құқығын қорғау төмендегі заңнамалармен: ҚР «Азаматтық кодексі», ҚР «Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы», «ҚР Патент Заңымен», «ҚР Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңдарымен қорғалады.
Азаматтардың зияткерлік меншік құқығын қорғау арқылы мемлекет олардың шығармашылық өрісінің дамуын, сол арқылы ел экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Зияткерлік меншік құқығын қорғау мəселесі тек қана өзінің шығармашылық қызметінде обьектілерімен ие болып жатқан азаматтарды аландатпайды, олармен бірге қызметі авторлардың жəне өнертапқыштардың құқықтарын қорғауына бағытталған. Əрбір автор өз құқығы бұзылған жағдайда сотқа немесе Əділет министірлігінің Зияткерлік меншік департаментіне, аумақтық органдарына жүгінуіне болады.
Сонымен қатар, Зияткерлік меншік құқығын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексіне және Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне сәйкес, жауапкершілікке тартылады.


Аудандық әділет басқармасының жетекші маманы Б.Ергалиев
07 қараша 2019 ж. 79 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 213

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 268

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930