» » ӘЙЕЛ АҚШАНЫ КӨП ТАПСА...

ӘЙЕЛ АҚШАНЫ КӨП ТАПСА...

...Бір отбасының отағасы өмірден өтіпті. Күйеуі қайтыс болған соң әйелі оның киімдерінің ішінен көп киілген сырт киімін үйдің бұрышына іліп қойыпты. Балалары күнде таңертең келіп, «Апа, сабақта жарататын ақша берші?» дегенде ол: «Ақшаны әкелеріңнің киімінің қалтасынан алыңдар» дейді екен. Мұндағысы «Әке деген бала үшін қашанда беделі биік, қамқоршы болуы керек. Балаларымның әкесі өмірден өтсе де, ол әрқашан олар үшін жақсы әке болып қалуы керек. Отбасындағы қажеттіліктерді ер адам тапса берекелі болады. Мен осылай істесем, ұл-қызым әкенің орнын, әкенің мәртебесін біліп өседі» дегені екен.
Осы бір кішкене ғана әңгіме біздің мақаламызға арқау болды деуге болады. Ақылды әйел қандай жағдай болмасын ба­лаларының алдында күйеуінің қадір-қа­сиетін түсірмейді.
«Еркек – түздің адамы, ол сыртта жүріп ақша табады, әйел үйде отырып үй тірлігімен айналысады». Бір кездері бұл қалыптасып қалған қағида қазір күшін жойды. Өйткені кейбір отбасында қар­жы­лық жағдайға байланысты мәселе көп. «Сен мені толықтай қамтамасыз етуге міндеттісің» деп, қазіргідей қымбатшылық заманда жолдасыңның мойнына мініп алып, үйде қолқусырып жата бергеннің де жөні жоқ сияқты. Мұны түсінген адамдар жан-жақтап жұмыс істеп, шамалары келгенше қаржылық қиындықты еңсеруде. Бұл да дұрыс шығар. Бірақ бір әттеген-айы бар. Әйел мен еркектің теңдей табыс табуы кей отбасында түсі­ніспеушілік тудыруда. Жұбайлар ара­сында тек ақша жетіспеушілігі не оның орынсыз жұмсалуына қатысты ғана емес, отбасылық бюджетті толтыруға кім қаншалықты атсалысатынына байла­ныс­ты да кикілжің туындап жатады. Өзі­нің табысының көптігін жолдасының бетіне басып, қанағатты ұмытып, отба­сының берекесін қашырып жүрген нәзік­жан­ды қаншама?
“Әйел ақшаны көп тапса, би болады” деген сөз бар. Үйде әйел басшы болып, күйеуінен көп табыс тапса және онысын артықшылық деп санап, күйеуіне міндет қылса, балаларының алдында еркектің дәрежесін түсіріп, қадірлемейтін болса бұл шаңырақтағы берекенің қашқаны деп ойлай беріңіз. «Әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың сөйлегені» отағасының рөлін де, отанасының рөлін де алмастырып жібереді. Әйел мұндай жағдайда не істеу керек? Әйел, әсіресе балаларының алдында ерінің құнын түсірмеуі тиіс. Күйеуінен көп табыс тапса да оны кемсітпей, керісінше, барынша ризашылық білдіріп отыруы қажет. Жолдасының тынымсыз маңдай термен тапқан табысын, үйге әкелгеніне шүкіршілік ету, қайта қолдау көрсетіп, жігерлендіріп отыру ақылды әйелдің ісі болса керек. Өйткені ол аз тапсын, көп тапсын мейлі ер азаматтың тапқан табысының берекелі болатынын бі­леді.
Соңғы уақытта көптеген әйелдер үй­дегі азаматының жұмыссыз жата бере­тінін айтып жиі шағымданады. Яғни нәзік­жандылар өздерінің күйеулері жөнді табыс таппайтынын, тіпті жылдар бойы жұ­мыссыз жүре беретінін, балаларын асырау қаперлеріне кірмейтінін, әйелінің тапқан жалақысына намыстанбай күн көретінін айтуда. Бірақ психолог мамандар ерлердің бұндай жағдайда қалуына көбіне әйел затын кінәлі деп санайды. Мәселен, әйелі өз қолымен тапқан ақшасын күйеуіне беретін болса, ол әйел әлгі ер адамның энергетикасын жойып жатыр деген сөз. Мұндай жағдайдан соң, еркектің өз күшіне қайтып келуі қиын. Осындай қарым-қатынас та болған жұптардың көбісі бір шаңырақ астында ұзақ тату тұра алмайды екен. Тіпті ажырасып жататындардың саны күн өткен сайын артып отыр. Сондықтан ешуақытта ер азаматқа ақша беріп, оған балаңыз секілді қамқорлық танытудың қажеті жоқ. Сіз жолдасыңызға ана ретінде қамқор болмаңыз, керісінше, ол үшін әрқашан әйел болып қалыңыз. Еркек өз қиындықтарын, өз мәселелерін өзі шешу керек. Ол сонда ғана өзін еркек сезініп, дами алады. Оған сенім білдіріңіз, сеніңіз. Еркек еркек болып тұруы үшін әйел әйел болып қалу керектігін естен шығармайық.

Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ

09 қараша 2019 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 234

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930