» » Туған күн. Жұмыс. Мінез

Туған күн. Жұмыс. Мінез

Дүйсенбі. Халық аузында «Дүйсенбі – ауыр күн» деген тіркес бар. Бұл сөз бір-екі күні демалғаннан кейін жұмысқа бірден кірісіп кетуді қиынсынатын адамның шағарғаны болуы керек. Алайда жаңа туған бала үшін бұл тіркес сәйкес емес. Дүйсенбі күні дүниеге келген сәби өте мейірімді, сүйкімді болады. Өзгелерге адал, жақсы дос бола біледі. Олардың ерекше қасиеті – көңіл күйі өте құбылмалы. Бұл күні туғандар өзін ешкіммен салыстырмайды, жоғары бағалайды. Үй шаруасына бейім, асты жақсы әзірлейді. Сейсенбі. Бұл күні дүние есігін ашқан адамдар батыл, үнемі қозғалыста болғанды жақсы көреді. Күш-қуаты тасып тұрады. Басқару қызметтерімен айналысады.
Туған күн. Жұмыс. Мінез
Басқаларды басқара алатын қасиеті бар, өзгелер де оның соңынан еруге қарсы болмайды. Сейсенбі күні туған адам әлемді шарлап саяхаттағанды және тарих тұнған кітаптарды оқығанды жақсы көреді. Сәрсенбі. Сәрсенбі күні көңілді, өмірге құштар сәбилер дүниеге келеді. Барлық ортада алдыңғы қатардан бой көрсетеді, үнемі әзіл-қалжыңның ортасында жүруді қалайды. Тігу, пішу секілді істерге шебер. Сауда қызметтері айналасынан да алыс емес. Сезімтал, өзгелердің жанын өзіндей түсінеді. Кез келген кедергіні күліп қарсы алып, күліп шығарып салады. Бейсенбі. Бұл күні тұрақты, үйдегі берекені сүйетін балалар өмірге келеді. Олардан өте жақсы отағасы не отанасы өсіп шығады. Өздері қаламаса да, өзгелердің жүрегін жаралы етеді. Жаңашылдықты жақсы қабылдап, барлығына жеңіл қарайды. Бұл адам тұйықталып, үнсіз жүргенін сирек көресіз. Керісінше, айналасын думанға орап, күлкіге көміп жүреді.Ерекше қасиеті – қырсықтық. Жұма. Табиғатынан өнер мен сұлулыққа құштар жандар. Үнемі көңілді жүреді, көңіл көтеруді ұнатады. Сыртқы келбетіне көп көңіл бөліп, махаббатты бірінші орынға қояды. Мәдениет, телевизия, өнер саласында қызмет етеді. Тәтті көрсе шыдап тұра алмайды. Сенбі. Сенбі күні өмір есігін ашқандар барлық жағдайға салмақпен қарайды. Олар не ұстаз, не ғалым болады. Жұмысты егжей-тегжейлі, ынты-шынтысымен істейді. Сондықтан үнемі көздеген мақсатының шыңына жетеді. Бұл еңбекқор адамдар бүгін істей алмаған ісін ертең міндетті түрде үйреніп алады. Сабыр мен еңбек – олардың басты ұраны. Жексенбі. Күн белгісінде туғандар, шынында да, шапақты. Үнемі қуанышты, көңілді жүргенді ұнатады, өз сұлулығымен әлемді нұрға бөлейді. Жексенбі күні дүниеге келгендер бақытты болад деп есептеледі. Тұрмыстық өмірі сәтті, достары көп болады. Оптимистігі арқасында өмірдің бұралаң жолында өз орнын тура табады. Барлығына шығармашылық жолмен барады. Идеялары мен фантазиялары жетіп артылады. Ал сіз қай күні тудыңыз?

Толығырақ: https://massaget.kz/jigitterge/psihologiya/37680
01 желтоқсан 2019 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

№94 (9570)

30 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 485

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 472

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031