» » Қазақстанда алғаш рет 4 педофилге қарсы химиялық кастрациялау қолданылды

Қазақстанда алғаш рет 4 педофилге қарсы химиялық кастрациялау қолданылды

Қазақстанда химиялық кастрациялауға сотталған 4 педофилді күштеп өткізетін болады. Бұл үрдіс бірреттік емес көрінеді, оны орындауға жарты жылдау уақыт кетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары мен Шымкент қаласында зорлық әрекеттері үшін сотталған азаматтарға қарсы медициналық тексерістен өткен соң күштеп химиялық кастрациялау қолданылатын болады", - делінген ҚР ІІМ-нің қылмыстық-орындаушылық жүйе комитетінің мәлімдемесінде.
Олардың хабарлауынша, қазіргі таңда 11 азаматқа қарсы химиялық кастрациялау жазасына кесілген. Зорлаушылық әрекетін орындаған азаматтарға қарсы заң күйшейтілгеннен кейін 15 адамға осындай үкім шығарылыпты. Заң бойынша химиялық кастрациялау кәмелетке толмаған балаларды зорлағаны үшін 18 жастан асқан азаматтарға қарсы қолданылады. Бұған қоса қылмыстың бұл түріне барған азаматты мерзімінен бұрын босату, оған жеңілірек үкім мен шартты жаза тағайындау, сонымен қатар екі жақты татуласытру сынды әрекеттерге тйым салынған. 
Айта кетерлік жайт, химиялық кастрациялау жазасына кесілген қылмыскерлер алдымен бірнеше медициналық сараптамалардан, әртүрлі дәрігер мамандардан құралған комиссия қорытындысынан өтеді. Ал бұдан жалтарған азаматтарға қарсы тағы да бір жыл бас бостандығынан айыру жазасы бар екен.

stan.kz

03 желтоқсан 2019 ж. 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9652)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (9651)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (9650)

15 қыркүйек 2020 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930