» » Қызылордада болған жол апаты: Автобус техникалық бақылаудан өтпеген

Қызылордада болған жол апаты: Автобус техникалық бақылаудан өтпеген

Қызылордада болған жол апаты салдарынан 8 адам қаза болып, 13 адам ауыр халде жатыр. Автобуста болғандардың барлығы мұнайшылар екен. Жол-көлік оқиғасының себебі ретінде көктайғақ айтылып жатыр. Десек те автобустың техникалық бақылаудан өтпегендігі де анықталды. Аударылып кеткен автобуста Шымкент, Тараз, Қызылорда және Түркістан облысының тұрғындары отырған. Қазір апат орын алған тас жолын уақытша жабылып тасталды. Көз жұмған жолаушылардың денесі арнайы көліктермен олардың жақындары мен туыстары жеткізіліп табысталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Құмкөл-Қызылорда тас жолында болған жол апаты туралы хабар құтқарушыларға 3желтоқсан күні таңғы сағат 4:22-де түсіпті. Жарты сағатта кейін оқиға орнына келіп жеткен төтенше жағдай қызметкерлері автобуста 36 адам болғандығын анықтапты. Олардың барлығы "СаутсОйл" ұйымының мұнайшы қызметкерлері екен. Жұмысшылар Қызылорда қаласынан екі жүз шақырым қашықтықта орналасқан Құмкөл мұнай кен орнынан ауысымдары бітіп, үйлеріне қайтып келе жатыпты. Қазіргі таңда көз жұмғандардың саны 8 адамға жеткендігі белгілі. Олардың бірінің денесі кран арқылы шығаруға тура келді. 
"Жарты сағаттың ішінде құтқарушылар 3 адамның денесін тапты. 15 минуттан соң тағы бір опат болғандығы анықталған. Төтенше-құтқару құралдары арқылы түрлі жарақат алған 9 адам автобус ішінен шығарылып, ауруханаға жеткізілді. Ең соңғы мәйіт 8 сағат 45 минуттан соң автобус кранмен көтерілгеннен кейін табылды. Ол екі автобус орындықтарының арасында қысылып қалған", -деді Қызылорда облыстық төтенше қызмет департаментінің басшысы Омар Бержанов.
Жеті жедел бригадасы жарақаттанғандарды сағат 9-ға дейін аурузханаға тасып біткен. Олардың жетеуі жан сақтау бөлімінде, қалғадары дәрігерлердің қадағалауында. 
"Түн болғандықтан бәріміз ұйықтап келе жатқанбыз. Не болғанын түсінбей қалдым. Жол көктайғақ еді. Сыртқа шығып жерді ұстап көріп едім, жер тайғанақ, тұтас көктайғақ. Одан басқа ешнәрсе есімде қалмады", - деді жарақаттанған автобус жолаушысы. 
ТД қызметкерлерінің айтуынша, 3-4 желтоқсан күні жол көктайғақ болып, тұманға оралатыны туралы хабар таратылыпты. Дегенмен көптеген жүргізушілер бұған бей-жай қараған көрінеді. Құмкөл тас жолында болған жол апатына байланысты тексеріс істері басталып кетіпті. 
Бұған дейін мемлекет президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тоқаев Қызылорда облысындағы апатқа қатысты пікір білдіріп, марқұмдардың туыстарына көңіл айтқан еді. 
Жол апатына ұшыраған автобус қызметтік екендігі анықталған еді. Бұған қоса бұл автобус ең соңғы рет техникалық байқаудан наурыз айында өткен. Ал заң бойынша жолаушы тасымалдайтын көліктер жарты жылда бір рет тексеріске жіберілуі шарт. Яғни, автобус осы жылдың қыркүйек айында техникалық бақылаудан өтуі керек болған, алайда транспорттық басқарма испекциясы жалпы базада бұл туралы дерек таппады. 

stan.kz

04 желтоқсан 2019 ж. 74 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

№94 (9570)

30 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 485

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 472

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031