» » Бас ауруының бірнеше себебі бар

Бас ауруының бірнеше себебі бар


Қатты ауырмайтын, бірақ ұзаққа созылатын ауру. Бұл кезде ешқандай шаншу болмайды. Тек бас немесе мойын айналасында түйінделіп қалған сезім болады. Жеткіліксіз ұйқы, депрессия және стресс оның ең басты себептері.
 

Қатты ауыртатын және шаншитын бас ауруы. Көбінесе көздің артында сезіледі. Жарыққа және да­уыстарға қарсы тітіркену, лоқсу және жүрек айнуы болады. Себептері мезгілсіз тамақтану және гормонды дәрі-дәрмектер. Бұл бас сақинасы (мигрень) саналады.
 
Солқылдау. Өте қатты ауыртады. Көбінесе бір көз айналасында немесе артында сезіледі. Мұрынның бітелуі, көздің жасаурауымен бірге болуы мүмкін. Ауыруы көбінесе ұйқы кезінде келеді. Спиртті ішім­діктер және темекі – мұның ең басты себептері.
 
Гайморитке байланысты ауыр­ғанда белгілері ауыртпалы және тұрақты болып келеді. Мұрыннан тоқтамай су ағады. Ауырғаны мұрын үстінен бастап, маңдайға және құлаққа дейін жайылады.
 
Аллергияға байланысты бас ауыруы кезінде танаулардың бітелуі, көздердің жасаурауы, қышытпа және бастың шаншуы белгі­лерінен байқалады. Гүл тозаңы, зең (зәк, көгеру) және шаң ауруға себеп болады.
 
Кофеинге байланысты да бас ауырады. Ол кезде бас шаншытып ауыртады және шамадан артық кофеин тұтынудан туындайды.
 
Шаршауға байланысты болатын бас ауруы кезінде белгілі бір жердің ауырғанымен шектелу мүмкін емес. Себебі бұл кезде ауру шаршататын физикалық қозғалыстар, түшкіру, жөтелу, ісік, мигреньмен бірге көрінуі мүмкін.
 
«Черепное давление» деп жатамыз, бұлкезде баста қысым және қысылу сезімі байқалады. Жақтың ауырып, шытырлауы арқылы бел­гісін көрсетеді. Бұған жақтағы келең­сіздік және стресс басты себеп.
 
Ревматизм: мойында немесе бас­тың артқы жағында, қимылдағанда артатын аурулар. Тұз жиналуынан және суықтан болады.
 
Көздің шаршауы да бас ауыртады. Ол кезде ауру сезімі негізінен көз айналасында сезіледі.
Бас ауырғанда осы себептерді анықтап, дәріні соған сай ішкен дұрыс.
 
Дайындаған – А. МҰХАММЕД.
http://www.zamana.kz
27 ақпан 2018 ж. 850 2

Гость Jeaplause от 12 ақпан 2019 05:13
Dapoxetine En Australie cialis without prescription Kamagra Deutschland Net

Гость Jeaplause от 4 наурыз 2019 08:53
Comprar Cialis Madrid Sin Receta Kamagra Flavoured Oral Jelly http://ausgsm.com Erection Pills

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930