» » Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото)

Ақтөбе облысындағы тас жолда 11 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды (фото)

21 желтоқсан күні "Самара - Шымкент" тас жолында 11 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелді. Күрт өзгерген ауа райы: толассыз жауған қар, көктайғақ және қатты жел жолға шыққан жүргізушілерге кедергі келтірген болса керек. Сонымен қатар, Ақтөбе облысында адамдардың өліміне әкеліп соққан жол апаты орын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жол-көлік оқиғалары еліміздің кей аймақтарындағы жүргізушілер үшін үйреншікті жағдайға айналды: қыста мұнда қарлы боран басылмайды, ал жолдарда мұз қабаты күшейіп, жүргізушілерге жылдамдықты арттыруға мүмкіндік бермейді.

ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, сенбі күні түстен кейін Ақтөбе облысында бірнеше көліктің қатысуымен екі ірі апат болды.

Біріншісі Хромтау ауданында Самара-Шымкент тас жолының 859 шақырымында орын алған.

Мұнда бірден 11 автокөлік, оның ішінде 2 жүк көлігі, 8 жеңіл көлік және 1 ГАЗель соқтығысқан.

Бұл оқиғаның салдарынан 9 адам зардап шегіп, олардың бесеуі Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді.
Екінші оқиға Әйтеке би ауданында тіркелді. Екі жеңіл көліктің түйісуі салдарынан бір жүргізуш мен өзге көліктегі жолаушы ауыр жарақаттан көз жұмған. Сондай-ақ, тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Ақтөбе облысында бірнеше күннен бері қолайсыз ауа-райы өзгермей тұр. Жүргізушілерге метеорологиялық жағдайдағы өзгерістерді бақылау ескертілді.


kaz.nur.kz
22 желтоқсан 2019 ж. 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (9605)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930