» » Ұшақ апаты: Әуе кемесінде Украина, Қырғызстан, Қытай және Қазақстан азаматтары болған

Ұшақ апаты: Әуе кемесінде Украина, Қырғызстан, Қытай және Қазақстан азаматтары болған

Kyzylorda-news.kz. Алматы қаласы маңында апатқа ұшыраған ұшақта Украина, Қырғызстан, Қытай және Қазақстан азаматтары болған. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Ұшақ бортында жалпы 5 экипаж мүшесі мен 93 жолаушы болған. Оның екеуі Украина (Юрий Сон мен Яна Сон), біреуі Қырғызстан (Маг Клыков), тағы біреуі Қытай (Маулина Нурлан) азаматтары, ал қалғандары — қазақстандықтар. Оқиға салдарынан 12:30-дағы жағдай бойынша 12 адам, оның ішінде экипаж командирі қаза тапты. Алматы қаласының түрлі медициналық мекемелеріне 49 адам жатқызылды. Олардың 18-інің жағдайы ауыр. Қалғандарына медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Қауырт желіге 603 қоңырау түсті. Құтқару жұмыстары жалғасуда», – деп атап өтеді министрліктен.

27 желтоқсан 2019 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (9628)

30 маусым 2020 ж.

№48 (9627)

27 маусым 2020 ж.

№47 (9626)

23 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031