» » Өзімізге қоюға қорқатын сұрақтар

Өзімізге қоюға қорқатын сұрақтар

Өзімізге қоюға қорқатын сұрақтарБұл сұрақтардың жауабы сізге ұнамауы мүмкін. Алайда дәл осы сұрақтарға жауап таппасаңыз тұлға боп жетілуіңіз қиын.

Әлсіздігімді неге ауыздықтамаймын?
Әдетке айналған істеріміз қалай пайда болғанына мән бермейміз. Ол пайдалы ма, зиян ба, бәрібір. Уақыт өте келе бұл жай ғана өмірдің бір бөлігі секілді көрініп кетеді: ішімдікке құмарлық не тәттіге деген шексіз махаббат... Өкінішке орай, әлсіздік көбіне өзімізге деген сенімсіздіктен арылудан және жүйкені тыныштандырудан туады. Оған бейжай қарасаңыз, мәселенің шешімі табылмайды.

Неге жоспарларым орындалмайды?
Әр жоспарды құрғанда оның дедлайны, яғни орындалатын уақыты да қатар белгіленуі тиіс. Әйтпесе сол күйі қалауыңыз арманға айналып қала береді. Өмірде не күтемін? Адамдар әрдайым әлденені күтумен болады. Кейде тұтас өмірден, кейде өзге адамдардар әйтеуір бірдеңе күтіп жүреміз. Ал адамдар біз күткендей әрекетке бара бермейді. Бәрі сіз күткендей болуы үшін, өзіңіз оған лайық болыңыз. Әділдік күтесіз бе, өзіңіз әділетті болыңыз. Махаббат күтесіз бе, өзіңіз сүйе біліңіз, барлығы қарапайым.

Неге әр істің басын шалып, аяғына жеткізбеймін?
Адам біраз ісін кейінге қалдырып қойса, өзіне деген сенімсізідігі жоғары деңгейде екенінің белгісі. Оны істеуге шамасы жетпейді не аяқтаған күннің өзінде қалаған нәтижеге жете алмаймын деп ойлайды. Бірақ өзі мұны мойындағысы келмейді. Тағы бір нұсқасы бұл іс оған ұнамайды, онда әуелде неге бастады?

Неге өткен шақпен өмір сүремін?
Өткен өмірдегі өкпе-назы мен жіберген қателіктерін өмір бойы ұмытпай, күн сайын есіне түсіріп, оған әлдекімді кінәлап, үнемі бетіне басып отыратын да адамдар бар. Ол жай ғана жауапкершілігіңді басқаға жүктеу. «Біз ондай емеспіз, өмір өзі осындай». Таныс сөз бе?

Мен өзіме ұнаймын ба?
Бұл сұрақтың өзегі өзін өзі бағалау деңгейінде жатыр.  Оған бір сәтте жауап бере салу оңай. Ал осы сұрақты өзіңізге күн сайын қойып отырсаңыз, өзіңізден ойдағыдай жауап ала аласыз ба? Шырттай боп киініп, жасанып алсаңыз өзіңізге ұнау оңай. Қарапайым тіршілік кешетін уақытта ше? Кемшіліктеріңіз де сіздің бір бөлігіңіз. Әдеттеріңіз, ұстанымдарыңыз, ойларыңыз – бәрі сіздікі. Бұл сұрақтардың жауабы ұнамайтын болса, дереу өзгертуге кірісіңіз. Ол үшін ешқандай жаңа жылды, дүйсенбіні, әлденені күтудің қажеті жоқ.

massaget.kz
01 қаңтар 2020 ж. 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 66

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930