» » Ақтаулық ұстаз шәкірттері үшін Англияның оқу грантынан бас тартты

Ақтаулық ұстаз шәкірттері үшін Англияның оқу грантынан бас тартты

25 жастағы Жігер Телеуханов есімді азамат Англия университетінен ұтып алған оқу грантынан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі inaktau.kz порталына сілтеме жасап.


Ақтаулық ұстаз

Жігер Телеуханов шетелде оқудан бас тартып, өзінің отанына оралуды қалапты. Жас педагог Англияда өткен байқауға қатысқан. Ол әлемнің түкпір-түпірінен келген 100 ұстазбен бірге "Ең үздік ұстаз" атағын алу үшін бақ сынасыпты. Байқауда қазақстандық оқытушы химия пәнінің үздік мұғалімі атаныпты. Ол Англия ұсынған оқу грантынан бас тартып, өз еліне келіп, Ақтаудың ғылыми-инновациялық лицейінде сабақ беруді жалғастырғанды жөн көріпті. 

Жігердің айтуынша ол өзінің оқушыларын қимаған. 

"Менің өз міндеттерім бар. Мен үшін үлгі тұтарлық азаматтар, еліміздің нағыз патриоттары - Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы және Абай Құнанбайұлы болып саналады. Олар өздері өмір сүрген уақытта жастардың сауатты болуына көңіл бөлген. Біздің олардан қай жеріміз кем? Біз ата-бабаларымыздың мұратын жалғастыруымыз қажет", - дейді жас педагог. 

Лицейдегі ұстаз жасынан қарамастан өз ортасының сыйлы азаматы екен. Бос кезінде Жігер Телеуханов семинарлар өткізіп, қандай әдебиет оқу керектігі жайлы кеңес беріп, тәжірибесімен бөліседі.

Ақтаулық ұстаз полиглот көрінеді: ол жеті тілде сөйлей алады. Ол - Алматыдағы Қазақ Ұлттық университінің түлегі, Англия мен Францияда білім алған. Қазір Жігер өзінің шәкірттерін химия пәнінен олимпиадаға дайындап жатыр. Ол өзі білім берген оқушыларының үздік атанатына сенімді екен.
 
stan.kz






16 қаңтар 2020 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (9582)

14 қаңтар 2020 ж.

№2 (9581)

11 қаңтар 2020 ж.

№1 (9580)

06 қаңтар 2020 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 743

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 698

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031