» » БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ АУА РАЙЫ ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ

БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ АУА РАЙЫ ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ


Кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын болады деп күтілуде.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады. Тек республиканың шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Кей жерлерде жел күшейеді, бұрқасын болады, еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.
Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей кездерде 30 м/с күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында көктайғақ болуы мүмкін.
Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман,  жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Атырау облысында көктайғақ болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.
28 ақпан 2018 ж. 849 0