» » Шымкенттегі "Гарант 24 Ломбард" филиалының директоры ұсталды

Шымкенттегі "Гарант 24 Ломбард" филиалының директоры ұсталды



Шымкенттегі "Гарант 24 Ломбард" филиалының директоры ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол 300-ге жуық тұрынды алдап, 500 миллион теңгеден астам ақша жымқырды деген ақпарат бар. Полиция қызметкерлері оны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Бұған дейін, салымшыларды алдап, 100 миллион теңгеден астам шығын келтірген "Estate Ломбард" ЖШС филиалының директоры ұсталғаны туралы хабарланған. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.

Шымкент қаласының Полиция департаменті аталған ЖШС-лардан зардап шеккендерді жақын жердегі полиция бөлімдеріне хабарласуды немесе "102" нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

21 ақпанда Қазақстанның бірнеше қаласында "Estate Ломбард" және "Гарант 24" салымшылары ақшаларын қайтару үшін компанияның кеңселеріне басып кірген. Кейінірек Алматы, Атырау, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Орал, ШҚО-дағы ломбардтың аймақтық филиалдары басшыларының ұсталғаны белгілі болды

Қазақстандық жұлдыздар да "Гарант 24" және "Estate Ломбард" ұйымдастырған қаржылық пирамидасының құрбандары болғанын хабарлаған еді. Олардың қатарында вайнер Мейіржан Төребаев, әнші Айқын Төлепберген, сондай-ақ актерлер Асылхан және Артур Төлепов бар.
28 ақпан 2020 ж. 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 73

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930