» » 8 наурызда Түрікменстан әйелдеріне үш доллардан беріледі

8 наурызда Түрікменстан әйелдеріне үш доллардан беріледі




Халықаралық әйелдер күніне орай Түрікменстан әйелдеріне үш доллардан ақшалай сыйлық беріледі, - деп хабарлайды Түрікменстан хроникасы

Бұл туралы 27 ақпанда Үкімет отырысында мәлім болды. Мұндай тапсырманы президент Гурбангулы Бердімухамедов экономика және қаржы жөніндегі вице-премьер Гадыргелді Мушшиковқа берді.

Түрікменстан әйелдері халықаралық әйелдер күніне орай 60 манат (елдің ақша бірлігі) көлемінде ақшалай сыйлық алады. Бұл қара нарықтың бағамы бойынша шамамен үш долларға тең.

Ақша жұмыс істейтін әйелдер мен оқушыларға, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы алатындарға беріледі. Сыйлық балабақшаға бармайтын қыздарға және үш жасқа дейінгі балалары жоқ жұмыссыз әйелдерге (балаға арналған жәрдемақы алмайтындарға) берілмейді. Бұл оларға ақшаның жалақы, жәрдемақы немесе зейнетақы беретін ұйымдардың бюджетінен бөлінуіне байланысты.



28 ақпан 2020 ж. 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 71

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930