» » Қазақстандық боксшылар америкалық атақты бапкерге шапан сыйлады

Қазақстандық боксшылар америкалық атақты бапкерге шапан сыйлады

Қазақстандық боксшылар бапкердің залында ұзақ уақыттан бері дайындалып келеді.

Қазақстандық боксшылар америкалық атақты бапкерге шапан сыйлады

ERNUR.KZ. Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшылар Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8КО) пен Мадияр Әшкеев (13-0, 6КО) аты аңызға айналған бапкер Фредди Роучке сыйлық жасады, деп жазады ҚазАқпарат. Спортшылар белгілі тәлімгерге қазақтың шапанын сыйға тартты.

«Фреддиді туған күнімен құттықтап келдік», - деп жазды М.Нұрсұлтанов Instagram-парақшасында.

Еске салайық, қазақстандық боксшылар Фредди Роучтың залында келесі жекпе-жектеріне ұзақ уақыттан бері дайындалып келеді.

Фредерик Стивен Роуч – америкалық кәсіпқой боксшы, бапкер. Әлемдік бокс тарихындағы ең мықты жаттықтырушылардың бірі. Бокс туралы жазатын Журналистер қауымдастығының нұсқасы бойынша 7 рет «Жылдың үздік бапкері» атанған. Роуч көптеген белгілі спортшылармен жұмыс істеген. Үлкен жетістікке ол филиппиндік Мэнни Пакьяомен жетті.

Мейірім Нұрсұлтанов соңғы айқасын АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 2019 жылдың қарашасында өткізді. WBC (USNBC) нұсқасы бойынша орта салмақтағы АҚШ чемпионы атағы үшін жекпе-жектегі оның қарсыласы мексикалық Кристиан Оливас (16-6, 13 КО) болды. Төрешілер бірауызды шешіммен жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Кештің басты айқасы ресейлік Сергей Ковалев пен (34-4-1, 29 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (53-1-2, 36 КО) арасында өтті.

Әшкеев болса, өткен жылдың қарашасында Американың Гавайан Гарденс қаласында 37 жастағы аргентиналық Родольфо Эзикель Мартинесті (43-8-3, 16 КО) жеңіп, алғашқы титулы – WBC (UNSBC) тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта бос тұрған АҚШ чемпионы атағына ие болды.

02 наурыз 2020 ж. 62 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930