» » Б.Камалов: "Жекелеген экстремистік топтардың ешбір дінге қатысы жоқ"

Б.Камалов: "Жекелеген экстремистік топтардың ешбір дінге қатысы жоқ"

Облыстық ішкі саясат басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің инженерлі-технологиялық институты студенттерімен кездесті, деп хабарлайды syrboyi.kz.

- Ешқандай дін ешуақытта зорлық-зомбылықты насихаттамайды. Қай дінді алып қарасақ та олардың мақсаты бейбітшілікті насихаттау, адамдарды жақсылыққа шақыру болып табылады. Ал, бүгінде әлемде дін атын жамылған түрлі діни ағымдар ел ішіне іріткі салып, жастарды өзінің ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарына, мәдениеті мен дәстүріне қарсы қоюда. Мұнымен қоймай, террорлық әрекеттер мешіттер мен ғибатханаларда бейбіт құлшылық жасап жатқан діндарлар арасында да орын алуда. Сол лаңкестік әрекеттерге, өкінішке орай, кез келген діни білімі жоқ жас тартылуы мүмкін. Жекелеген экстремистік топтардың ешбір дінге қатысы жоқ, тек олар дін атын жамылу арқылы қатарын алданғандар арқылы толтырып жүрген ағымдар, - деді Б.Жарылқасынұлы кездесуде.
 Сондай-ақ кездесуде орталық директоры жастарды әлеуметтік желілер мен ғаламторды пайдалануда абай болу керектігін де ескертті. Шара соңында студенттер дәріскерге көкейлеріндегі сауалдарын қойып, өз пікірлерін де ортаға салды. Мұнан соң Б.Камалов осы оқу орынның дәстүрлі өнер институтына барып, ондағы студенттерге де дін мен дәстүр жайлы кең мағлұмат берді.


02 наурыз 2020 ж. 69 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

№21 (9600)

17 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031