» » +7 не 8. Телефон нөмірді екі түрлі терудің сыры неде?

+7 не 8. Телефон нөмірді екі түрлі терудің сыры неде?

+7 не 8. Телефон нөмірді екі түрлі терудің сыры неде?Қазақстанда абонент нөмірінің кодын 8-бен де, +7-мен де теріп (сақтап), қоңырау шалуға болады. Алайда бұл екеуінің айырмашылығы бар.
Бұл екі нөмірдің айырмасы қандай екені шетелде жүргенде білінеді.
Ал Қазақстан мен Ресейде жүрсеңіз, еш айырмашылығы жоқ.
Нөмірді 8-бен де, +7-мен де бастап хабарласа бересіз. Ал шетелде жүрсеңіз, өкінішке орай, нөмірді 8-бен теріп хабарласа алмайсыз.
Ол жақта тек +7 ғана жұмыс істейді. Сондықтан шетелге шыққалы жатсаңыз, нөмірлердің барлығын +7-мен жазып алғаныңыз жөн.



Неге Қазақстан мен Ресейдің ұялы телефон нөмірлері 8-ден басталады дегенге келсек, оның себебі қарапайым. КСРО кезінде 1-ден 7-ге дейінгі нөмірлердің барлығы өрт, жедел жәрдем, құтқару, төтенше жағдай сынды арнайы қызметке телініп, тек 8 нөмірі ғана бос қалған. Содан үй телефоны мен ұялы телефонның нөмірлерін 8-ден бастап теруге тура келген. Қазір +7 мен 8 қатар қолданылады.

massaget.kz
04 наурыз 2020 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930