» » ҚАУІПТІ ІНДЕТПЕН КҮРЕСУДЕ БЕЛСЕНДІЛІК ҚАЖЕТ

ҚАУІПТІ ІНДЕТПЕН КҮРЕСУДЕ БЕЛСЕНДІЛІК ҚАЖЕТ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін қауіпті індет. Бұл кеселмен күресу мақсатында елімізде түрлі шаралар жүзеге асып жатыр. Біз бұл бағыттағы жұмысымызды кемел келешек үшін іске асырамыз. Себебі қауіпті індетті түбегейлі жоймай дамыған елдермен иық тіресеміз деу қисынсыз.

Елбасы осыған дейінгі саяси құжаттарында, Жолдауларында сыбайлас жемқорлықпен күресу шараларын назардан тыс қалдырған емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та өз Жолдауында қоғамды бұл дерттен арылтуды бірінші кезекке қою қажеттігін нақты айтқан болатын. Міне, сол уақыттан бері елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өз деңгейінде жүзеге асуда.
Жалпы аталған індетке қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Онымен күресте жеңіске жету бірліжарым адамның қолынан келе бермейді. Қазақтың «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қанатты сөзін қаперге алып, оған қарсы болуда белсенділік танытқанымыз абзал. Бұл жерде ел болып дүрлігетіндей мәселе жоқ, тек әр адам онымен күресті өзінен бастаса, елде індет сап тыйылады.
Жалағаш ауданында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Өзіміздің басқарма басшысы да әріптестермен өткен жиындарда аталған дерттің мемлекет дамуын тежейтінін, оған баршамыз қарсы күресуіміз керектігін жиі айтады. Мұндай насихат жұмыстары кемел келешек үшін аса қажет. Алпауыт елдермен иық тіресеміз десек, қоғамда тек даму динамикасы қалыптасқанын қаласақ, сыбайлас жемқорлықпен күресуге селқос қарамаған абзал.
Ғазиз АРУНОВ,
аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы
06 наурыз 2020 ж. 597 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930