» » Шымкенттік жас кәсіпкер 8 наурыз мерекесіне орай 800 қызға кітап тарту етті

Шымкенттік жас кәсіпкер 8 наурыз мерекесіне орай 800 қызға кітап тарту етті

«Абайдың қара сөздерін» сыйлаған жігіт осы арқылы қыздардың да көңілін тауып әрі Ұлы ақынның туғанына 175 жыл толған мерейтойын да ескеруді жөн санаған.

​Шымкенттік жас кәсіпкер 8 наурыз мерекесіне орай 800 қызға кітап тарту етті

Шымкенттік жас кәсіпкер Сейітбек Ертай мереке қарсаңында қыздарға 800 кітап таратып, ерекше тарту жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. ХҚТУ-нің Медицина факультетінде оқитын жігіт аталған ЖОО-ның Шымкент филиалында оқитын өзінің құрбы, курстас қыздарына жыл сайын сыйлық жасауды әдетке айналдырыпты. Жас кәсіпкер жыл сайын осынау мереке қарсаңында аруларға сый жасауды өзінің дәстүріне айналдырған секілді. Өткен жылы балмұздақ таратқан екен. Осы жылы «Абайдың қара сөздері» кітабын беруді ұйғарыпты.

«Мен үш қыздың ортасында өстім. Екі әпкем мен бір қарындасым бар. Ата-анамыз қайтқан кезде мен бар болғаны 6 жаста едім. Сондықтан мені әпкелерім өсірді. Олардың мейірімін көріп өскен мен, қыздардың жанын жақсы түсінемін. Сондықтан оларды қуантқым келіп тұрады. Жылына бір рет келетін мерекеде қолдан келген жақсылықты аямау керек деп білемін. Осы жылы ақынның мерейтойы болғандықтан қара сөздері жинақталған кітапша сыйладым», - дейді Сейітбек Ертай.

Айта кетейік, Сейітбек Ертай белсенді жастардың бірі, ХҚТУ-дің Шымкент медицина факультетінің интерн-дәрігері, «Brand Books» кітаптар дүкені желісінің басшысы. Еске сала кетсек, жас кәсіпкер туралы ERNUR.KZ тілшісі сұқбат алып, кітап сату бизнесіне қалай келгенін жазған болатын.


06 наурыз 2020 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930