» » ТЫНЫШТЫҚТЫ КҮЗЕТКЕН ШАРА

ТЫНЫШТЫҚТЫ КҮЗЕТКЕН ШАРА

Қоғам тыныштығын күзетіп, шен тағып, шекпен киіп жүргендердің еңбегі ерен. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – аудандық №11 өрт сөндіру бө­лімінің радио-байланысшы Шара Бөлембаева.
Иә, расында қазіргі таңда әйелдер қауы­мының араласпайтын қызметі жоқ. Қай салада, қай мамандықта болсын нәзік­жан­ды­лардың алатын орны бар. Әсіресе әйел заты болса да, ер азаматтарға тән ауыр қызметті атқарып жүрген жандарды ерекше атап өтуге болады. Шара Шамшатқызымен азын-аулақ тілдесіп, жұмысының қыр-сырымен таныстық.
– Басым көпшілігі ер азаматтардан тұратын үлкен ұжымда қызмет атқарған соң, кейде өзіміздің әйел екенімізді де ұмытып жатамыз. Әр мамандықтың өзіндік қиыншылығы бар. Біздің жұмыс – қоғам тыныштығын күзету, алда-жалда тұтанған өртті ауыздықтау. Мен мұнда 2009 жылдан бері қызметтемін. Жұмысым ра­дио­­-байланысшы болғандықтан, 101, 112 нө­мі­ріне келіп түскен шақыртуларды қабылдап алып, облыс орталығына хабарлап отырамын. Ауы­сыммен жұмыс жасаймыз. Таңертең сағат сегіз болмай ауысым өткіземіз, – дейді Шара Бөлембаева.
Өрт сөндіру бөлімінде жауынгерлік кезек­ші­лікте ауданның тыныштығын білу, барлық түскен ақпараттарды басшыларға дер кезінде хабарлау, жедел жоспарларды жіті білу де Шараның атқаратын қызметі. Осы мін­дет­терді бұлжытпай орындап отыратын радио­байланысшы – өз жұмысының нағыз шебері. Ол кісі ұйқысыз кезекшілік ауысымда болу, көптеген хабарландырулар, қоңыраулар қабылдап, басшыларға жеткізу, өрт сөндіру бөлімінің күш құралдарын оқиға орнына жіберуге атсалысу секілді қаптаған тынымсыз тірліктің ортасында жүр.
Біздің мақаламызға арқау болған Шара Шамшатқызы 1984 жылы Жалағашта дүниеге келген. Орта мектептен соң Қызылорда қала­сын­дағы қаржы, құқық колледжінде білім алған. Осындай жауапты бөлімде адал әрі тынымсыз қызмет етіп жүрген нәзікжандылар да, ер азаматтар да көп. Олардың әрбірінің еңбегі ерен деуге болады. Өйткені өрт сөндіру бөлімі оқыс оқиға орнына елден бұрын жетіп, апатты ауыздықтауға күш салады. Бір айта кететін жайт, өрт салдарынан зардап шегу бұрынғы кезге қарағанда біршама азайыпты. Әсіресе қыс айларында қызыл жалынмен жиі бетпе-бет келмейтін көрінеді. Ал көктем шығып, күн жылына бастағанда ауылдық жерлердегі қоражайдың, егістіктің отқа орануы орын алып жатады. Мұндай кезде өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бар күш-жігер­лерін жұмсап, тұрғындардың қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге тырысады. Келесіде өрттің алдын алу үшін халыққа түсіндірме жұмыс­тарын да жүргізіп отырады.
Ұйқысыз қызметте болатын бұл бөлімнің жұмысы жеңіл деуге келмес. Әлсін-әлсін шы­­рылдаған қоңырауды естіп, алаңдап отыр­­дық. Шара ханым да: «Бүгінгідей ты­ныш күндеріміз көп болсын. Апаттан аман болайық. Тұрғындардың амандығы – біз үшін ең басты байлық» деп қоғам тыныштығын күзе­туді үлкен жауапкершілікпен атқаратынын жеткізді.

Н.АЛМАС
07 наурыз 2020 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930