» » Әйел жаратылысындағы әсемдік

Әйел жаратылысындағы әсемдік

Әлеуметтік желіні күніне бес-алты мәрте шолып шығатын әдетіміз бар. Ғаламтордағы қажетті-қажетсіз ақпараттардың ішінен көңілге қонымдысын оқып, қажеттісін алу да керек. Жерлесіміз, жырау Берік Саймағанбетовтің әлеуметтік желідегі әйел туралы жазбасын назарларыңызға ұсынамыз.

…Құдай әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің кешінде бітіріпті. Қасынан өтіп бара жатқан Періште:
– Сен неге бұл үшін ұзақ жұмыс жасадың? – деп сұрайды. Сонда Алла Тағала:
– Ал сен бұл жаратылыстың бүкіл болмысын көрдің бе? Ол екі жүзден астам қимыл әрекетін білуі керек. Кез келген тағамның дәмі мен иісін ажырата білу, бір мезетте бірнеше баланы құшағына басу, өзінің ыстық құшағымен жарылған тізеден, жараланған жүрекке дейін емдеп жаза алатындай болуы керек және осының бәрін тек екі қо­лы­мен ғана жасай алады, – дегенде, Періште таңданып:
– Бар болғаны екі қолымен бе?! Мүмкін емес! Бір күнге тым көп жұмыс екен? Қоя салыңыз, ертеңгі күні бітірерсіз, – дейді.
– Жоқ. Мен өзімнің ең сүйікті жара­тылысымды бітіруге аз қалдым. Егер ауыра қалса, бұл өз-өзін емдеп, 18 сағат жұмыс жасай алатын болады.
Періште әйелге жақындап келіп, оны саусағымен түртіп көреді…
– Аллам, сен мұны сонша нәзік етіп жаратқан екенсің!
– Иә, ол – өте нәзік. Сонымен бірге ол – өте күшті! Сен тіпті оның нені көтеріп, нені бағындыра алатынын көз алдыңа елестете де алмайсың.
– Ол ойлана алады ма? – деп сұрады Періште.
– Ол тек ойланып қана қоймайды. Ол сендіре де, келісімге де келе алады.
Періште әйелдің бетін сыйпады…
– Бұл жаратылыс терлеп тұр ғой! Шамасы, сен оған көп ауыртпалық беріп жатқан сияқтысың.
– Ол терлеп тұрған жоқ, бұл көз жасы ғой, – деп дұрыстады Алла Тағала Періштенің сөзін.
– Бұл не үшін? – деп сұрады Періште.
– Ол қайғысын, күдігін, махаббатын жалғыздығын, қасіреті мен қуанышын осы көз жасымен білдіреді.
Періште қатты әсерленді…
– Иә, Алла, сен – шынында да данасың! Сен бәрін ойлағансың. Әйел – шынында да керемет жаратылыс екен.
– Иә, шынында да, солай!
Әйелде еркекті бағындыра алатындай күш бар:
Ол өмір тауқыметімен күресіп, қасі­ретін көтере алады.
Ол бақыт, махаббат, қуаныш алып ке­леді.
Ол айқайлағысы келсе күледі, жыла­ғы­сы келсе ән айтады.
Бақытты кезінде жылайды, қорыққан кезінде күледі.
Сенгені үшін күреседі, әділетсіздікке қар­сы тұрады.
Жақындары үшін жанын береді.
Өз шешімінің дұрыстығына бәрін сен­діреді.
Махаббаты – шексіз.
Балаларының бақытына қуаныштан жылайды.
Достарының табысына қуанады. Жүрегі қайғыдан қақ айырылса да, өмір сүру үшін өз бойынан қуат таба алады...
Аналарымызды, апа-қарындас­тары­мыз­­ды, барша әйел қауымын құрмет­тей бі­­лейік, бауырлар!


07 наурыз 2020 ж. 45 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930