» » БІЛІМДІЛЕР БАҚ СЫНАДЫ

БІЛІМДІЛЕР БАҚ СЫНАДЫ

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жыл­дығына орай №201 мектеп-лицейде «Ақпа­раттық технология – болашақтың бағ­дары» атты апталық сайыс өтті. Мерейтой иесінің «Өзгеге көңілім толарсың!» әнімен басталған шарада мектеп-лицей директоры Талғат Садықов қатысушыларға сәттілік тілеп, Абай атамыздың тағылымға толы туындыларынан үлгі алуға шақырды.
– Қазіргі уақыт – білімге сенетін шақ. Бі­лім­­сіз кез келген елдің келешегі қараң. Ал Абай атамыз ілімсіз ілгерілеу мүмкін емес екенін осыдан бір ғасыр бұрын айтып кетті. Сондықтан жастар тек білім игеруге күш салуы керек. Себебі біздің болашағымыз – сіздердің қолдарыңызда. Бәсекеге қабілетті ұрпақ қа­лыптастыру біздің міндет болса, ал ұлағатты ұстаз үмітін ақтау сіздердің борыштарыңыз деп білемін. Бүгінгі сайысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін, – деді білім ошағының бас­шысы.
Апталық сайыста аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, аталған білім ошағының 5 «Д» сынып оқу­шысы Әлімбет Ермұхаммед Ұлы ақынның шы­ғармаларын орындады.
ХХІ ғасыр – робототехниканың заманы. Экономикамызды ілгерілету үшін осы салаға терең ден қоюымыз керек. Қоғамдық са­ла­лардың барлығын ақпараттандыру, оқу үдерісінің қарықынын жоғарылату бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда оқу­шыларға ғылыми-техникалық білім берудің робототехника саласының өзектілігі артып келеді. №201 мектеп-лицейде «Робот­тех­ника» үйірмесі 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. Мұғалімдер «Lego» роботтары не­гі­зінде дәріс береді. Үш жылдың ішінде білім ошағының оқушылары аудандық, облыстық сайыстардың жеңімпазы атанды. Білім ошағының информатика пәні мұғалімі Марина Ахметова ұйымдастырған апталық сайыста да оқушылар аталған салаға қа­тыс­ты түрлі сұрақтарға жауап берді. Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, арнайы дипломдарға ие болды.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ
11 наурыз 2020 ж. 52 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

№21 (9600)

17 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031