» » Коронавирус: Балабақшалар жұмысын тоқтатпайды

Коронавирус: Балабақшалар жұмысын тоқтатпайды

Қазақстанда коронавирус жоқ. Балабақшалар жұмысын жалғастыра бергені дұрыс.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектеп оқушыларының каникулы 21 наурыздан басталуы керек болатын, осы жағдайға байланысты 16 наурыздан, яғни ертерек басталады. Каникул аяқталғанға дейін эпидемиологиялық ахуалды қадағалап отырамыз, егер басқадай жағдай орын алса - қашықтықтан оқыту технологиясына сүйенуге тура келеді», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, балабақшалар жұмыс істей береді.

«Қазақстанда коронавирус жоқ, сол себепті балабақшалардың жұмысын тоқтатудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Вирус анықталған жағдайда (коронавирус - автор) жедел шаралар қабылданады», - деді ол.
12 наурыз 2020 ж. 52 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

№21 (9600)

17 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031